Жаңалықтар
Балаларға абай болыңыз!

«Нұр Ғасыр» мешітінің маңындағы жерасты өткелі жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысына арналған. Соңғы уақытта бұл жердегі пандустарға балалардың сырғанап ойнауы жиілеген. Қала әкімдігі мұндай әрекет кафель жабындарының зақымдалуына әкелетінін және балалардың жарақат алу қаупін арттыратынын ескертеді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ата-аналар мен тұрғындарды сақ болуға шақырады.
Сондай-ақ қала әкімдігі тұрғындарды шаһардағы инфрақұрылым объектілеріне жауапкершілікпен қарап, мүлікті қорғауға және қызметкерлердің еңбегін құрметтеуге шақырады.
Кәмшат ҚОПАЕВА.


