«Халық бухгалтері» акциясы басталды

Акция
5 қаңтардан бастап Қаржы министрлігі жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған «Халық бухгалтері» акциясын бастады. Аталған акция 30 маусымғадейінжалғасады.
Акцияныңбастымақсаты — кәсіпкерлерге бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізуде көмек көрсету, сондай-ақ ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу бойынша кеңес беру. Практикалық кеңестер арқылы кәсіп иелері өз қызметін заң талаптарына сай оңтайлы жүргізуге мүмкіндік алады.
Кеңес беру форматы — офлайн. Барлық облыс орталығындағы мемлекеттік кірістер басқармаларының базасында кәсіпкерлерді қабылдау ұйымдастырылады.
Кеңес беру қаңтар, ақпан айларында аптасына үш рет: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 10.00-13.00 аралығында, ал наурыздан бастап аптасына екі рет өткізіледі.
Қабылдау өтетін мекенжайлар мен жұмыс кестелері «Халық бухгалтері» арнайы тақтайшаларымен белгіленеді.
Кеңес берушілер:
– кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар;
– бухгалтерлік қауымдастықтардың өкілдері;
– заңнама нормаларын түсіндіру үшін мемлекеттік кірістер органдарының тәжірибелі қызметкерлері.
– Өңірлерде аудандық деңгейде, қажет болған жағдайда мамандардың көшпелі қабылдауы ұйымдастырылады.
«Халық бухгалтері» акциясы аясында кәсіпкерлерге қосымша мүмкіндіктер ұсынылады. Кеңес беру бейне кеңестер, телефон және ресми ресурстар арқылы онлайн форматта да жүргізіледі. Сонымен қатар онлайн және офлайн режимде вебинарлар ұйымдастырылып, тақырыптық кеңес беру сессиялары өткізіледі.
Заңнама нормаларын қарапайым тілмен түсіндіретін және ақпараттық жүйеде жұмыс істеуге арналған қадамдық нұсқаулықтар әзірленіп, Call-орталық материалдары жаңартылады. Сондай-ақ SalykBot Telegram-арнасы да қажетті мәліметтермен толықтырылады.
«Халық бухгалтері» акциясы — салық төлеушілермен жұмыс істеуде бақылау моделінен сервистік сүйемелдеуге көшу жолындағы алғашқы қадам.
Алдағы уақытта құқықбұзушылықтардың алдын алуға және консультациялық қолдаудың сапасын арттыруға бағытталған қосымшашаралар іске асырылатын болады.
Өз тілшіміз.



