Мереке

БАЛАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Ақтөбеде еріктілер Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыстық көпсалалы балалар ауруханасында ем алып жатқан балақайларды құттықтап барды.

Жаңа жылды аурухана төсегінде қарсы алуға мәжбүр болған жүзге жуық балаға тәттілер мен сыйлықтар табысталды.
Облыстық еріктілер кеңесінің төрағасы Нұрбек Жалғасбаевтың айтуынша, биылғы шара бұрынғыдан өзгеше.
— Балаларға сәл де болса шаттық сыйлағымыз келді. Аяз ата мен Ақшақармен бірге келіп, ұсыйлық тараттық. Демеушілер көмектесті. Бұл — балалар үшін есте қаларлық Жаңа жыл болсын деген ниет. Балақайлар қуанып қалды, — дейді ол.
Балалар ауруханасының педиатры Салтанат Ахметованың айтуынша, қазіргі уақытта педиатрия бөлімінде 57 бала ем алып жатыр.
— Ауруханада емделіп жатқан балалар үшін мұндай мерекелік шаралар өте маңызды. Себебі ұзақ ем қабылдап жатқан балаларға көңіл көтеретін сәттер ауадай қажет. Еріктілердің бастамасы — үлкен қолдау. Балалардың жүзіндегі күлкі — соның дәлелі. Сондықтан санитарлық талаптарды қатаң сақтап, балаларды қуанттық, — деді дәрігер.
Аурухана ұжымы еріктілерге алғысын білдірді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button