Заң мен тәртіп

Буллингке жол жоқ!

Ақтөбе қаласындағы Ұ.Құлымбетов атындағы №64 орта мектепте кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Прокурор сағаты» ұйымдастырылды.

с-шараның мақсаты — білім беру ұйымдарындағы буллингтің, құқықбұзушылықтың, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында есірткі заттарын қолдану сынды келеңсіз жағдайлардың алдын алу.
Жиынға Ақтөбе қаласы прокуратурасының бөлім аға прокуроры Әсел Өтенова қатысып, оқушылармен құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізді. Ол мектеп оқушылары арасында кездесетін қорлау, қысым көрсету, әлеуметтік желідегі кибербуллинг сынды мәселелерге тоқталып, олардан қорғану жолын түсіндірді.
— «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Ақтөбе қаласы прокуратурасы «Буллингке жол жоқ: прокурормен тікелей байланыс» атты акцияны қолға алды. Мақсат — буллинг пен кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу. Осы орайда оқушылармен кездесіп, жан-жақты ақпарат беріп жатырмыз, — деді Әсел Өтенова.
Оның айтуынша, акция барысында қаладағы барлық мектепке арнайы ақпараттық флаерлер таратылып, көрнекі жерлерге ілінді. Флаерде QR-код орналасқан. Оқушылар мен жастар осы QR-код арқылы WhatsApp мессенджерімен тікелей прокурорға жазып, тез әрі құпия түрде хабарласа алады.
Бұл бастама жасөспірімдерге құқықтық қолдау көрсетіп, олардың қауіпсіз ортада білім алуына жағдай жасауға бағытталған.
Мектеп ұжымы мен оқушылар үшін бұл кездесудің тәрбиелік мәні зор болды. Іс-шара соңында оқушылар маманға өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

К. ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button