Жаңалықтар

Ойдағы елдің бүгіні мен болашағы

Он алты мыңнан астам тұрғыны бар Ойыл — облыс орталығынан шалғай орналасқан аудан. Халқы негізінен ауыл шаруашылығымен, соның ішінде мал шаруашылығымен айналысады. Бір-екі жыл шамасында көктемгі су тасқыны кезінде ауылдарды су алып, баспанасы мен малынан айырылған, жолдарды тасқын шайып кетіп, орталықпен байланыс үзілген аудандағы бүгінгі жағдай тұрақты. Жаңа үйлер салынып, жолдар қалпына келтіріліп, тірлік көшіне қайта ілескен аудан тұрғындары бүгінде кәсібін жүргізіп, шаруашылығын тіктеді.

Ауданның қазынасы ортайған жоқ: аудан әкімі Асқар Қазыбаев берген дерекке сүйенсек, жыл басынан бергі он айда бюджетке 7 687 128,5  мың теңге түсіпті. Кіріс жоспары 101,9 пайыз орындалған.Ойылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы аудан әкімі Асқар Қазыбаевпен  сұхбаттасқан едік…

— Жыл басынан бергі он айда жергілікті бюджетке түсетін салық көлемі — 942 374,4 мың теңге болып, жоспар 118,5 пайыз артық орындалды. Оның ішінде 4-деңгейлі бюджет салық түсімдері 154,1 пайыз орындалды. Өнеркәсіп, құрылыс жұмыстары көлемі, мал шаруашылығы бойынша жалпы өнім өндіру көлемі артты.

Аудан экономикасының ненгізгі драйвері — ауылшаруашылығы саласы екені белгілі. Бұл салада да оң көрсеткіштер бар. Ауданда 34004 мүйізді ірі қара, 106795 қой-ешкі, 19666 жылқы, 48 түйе, 11075 құс тіркеліп отыр.

Мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша да жұмыс атқарылып жатыр. Аудандағы31 шаруа қожалығында 3377 бас асылтұқымды мүйізді ірі қара, 33 шаруа қожалығында16034 бас  асыл тұқымды ұсақ мал бар.

Агроөнеркәсіптік кешені саласындағы жол картасына сәйкес асылтұқымды мүйізді ірі қара малын көбейту мақсатында барлығы 456 бас асылтұқымды мал сатып алынды.

Аудан бойынша шаруашылық субъектілері биыл лизингке құны 497,3миллион теңге болатын 70 жаңа трактормен мал азығын дайындайтын агрегаттарсатып алды.

Саралжын ауылдық округіндегі «Спарта» шаруа қожалығы Аграрлық кредиттік корпорациясы арқылы «Кең дала» бағдарламасымен көктемгі далалық жұмыстарына 10,0 миллион теңге несие алды. Шығанақ Берсиев ауылдық округінің «Рахат» шаруа қожалығы «АгроҚаржыНесие» орталығынан 33,0миллион теңгеге 104 ақбас асыл тұқымды мүйізді ірі қара, «Берік-С» шаруа қожалығы45,0 миллион теңгеге 80 ақбас асылтұқымдымүйізді ірі қара алды. Картоп, көкөніс және бақша дақылдарын егумен айналысатын «Спарта», «Темірлан» және «Толыбек» шаруа қожалықтары егістік алқаптарында  су үнемдеу мақсатында  жыл сайын тамшылатып суару әдісін қолданып келеді.

Жалпы ауданда1036 шағын кәсіпкерлік субъектісі бар. Биыл тіркелген жеке кәсіпкер саны — 97, оның ішінде азық-түлік дүкендері, көлік жуу қызметтері, брусчатка жасау қызметі, кулинария, газ құю бекеті, т.б. нысандар ашылып, жұмыс істеп жатыр.  Ауданда 7ауылшарушылығы өндірістік кооперативі бар.

«Ауыл аманаты» жобасы басталғалы, яғни соңғы үш жылда аудан тұрғындары 220 жобаны қолға алды. Бұл мақсатта тұрғындар 1082,8 миллион теңге көлеміндежеңілдетілген несие қаражатына ие болды.

Қысқы мал азығы да қажетінше әзірленіп жатыр. Қыс мезгіліне 131,8 мың тонна мал азығы дайындалды, яғни жоспар толығымен орындалды. Жеке тұрғындар үшін 1897 аулаға мал азығы жеткізіліп, қосымша екі мың тонна  мал азығы қоры дайындалды.

Мал ауруларына қатысты екпе де жүргізіліп жатыр. Республикалық бюджеттен эпизоотияға қарсы шараларға 245,6 миллион теңге, ауру малдарды санитарлық союға 3,4  миллион теңге бөлініп, сібір жарасы,  қарасан, туберкуллезге аллергиялық тексеру,  нодулярлы дерматит, аусыл,  құтырық, күл ауруы, эхинококкоз сияқты аса қауіпті ауруларға қарсы екпе жасалып, ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру   дерекқорына толықтай енгізілді. Ауру шыққан мал ветеринарлық зандылыққа сай жойылуда. Сарып ауруы тіркелген мал тұрған қора-жайларға залалсыздандыру жұмысы жүргізілді.

— 2024 жыл Ойыл ауданы үшін ауыр болды. Ауылдарды су шайып, тұрғындар баспанасынан, малынын айырылды. Жолдарды су шайды. Тұрғындардың баспаналары қалпына келтіріліп, жаңа үйлер салынғанын білеміз. Жолдың бүгінгі жайы қалай? Бұл жұмыстың барлығы аяқталды ма? 

Ойыл ауылына кіреберіс аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы Ойыл өзені арқылы өтетін көпір қалпына келтірліп жатыр. Мердігер компания  —  «Тенгизстройсервис Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жобаның сметалық құны —  2665,5 миллион теңге.  Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес құрылыс 15 ай жүргізіледі делінген. Қазіргі таңда тіректер қою үшін жерасты бұрғылау жұмысы толығымен аяқталды, 8 тіректің алтауы тұрғызылды. Жалпы алғанда құрылыс жұмысының 65 пайызы жүргізілді. Көпірдің жүріс бөлігін келер жылдың қаңтар айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен бірге Ойыл өзенінің арнасын кеңейту, тереңдету, жағалауды бекіту жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ қауіпті елді мекендер картасы жасақталып, Қаратал, Ақкемер, Қаракөл ауылдарында бөгеттер салынды. Қазіргі алдағы жылғы көктемгі су тасқынына дайындық жүргізіліп жатыр.

Жалпы ауданда автокөлік жолын жақсарту жұмысы жүйелі жүргізіліп келеді.

Ойылауданы,ШұбаршиауылынанАтырауоблысыныңшекарасынадейінгіавтомобильжолынмердігер мекеме «Қазақ жолы 2050» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі садып жатыр. Биыл аталған жолдың құрылысына облыстық бюджеттен 333,20 миллион теңге, ал республикалық бюджеттен 100,0 миллион теңге қаражат бөлініп, қазіргі таңда 17,5 шақырым жолдың негізін көтеру жұмысы жүргізілді. Ал қалған жұмыстар 2026 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр..

Сонымен қатар осы жол бойында «LiderInvestGroup» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көпір құрылысын жүргізіп жатыр. Биылға облыстық бюджеттен 16,8 миллион теңге, ал жергілікті бюджеттен 71,9 миллион теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ойыл-Қараой аудандық маңызы бар автомобиль жолының 15-30 шақырымына қиыршықтас төселіп жатыр, ал 30-45 шақырымында асфальт төсеу толық аяқталды. Бұл жұмыстарды «ЗапКазПромСтрой» серіктестігі жүргізіп жатыр.

Жалпы құны 242,3 миллион теңгеболатын Ойыл ауылына кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеуді «Truck Logistics KZ» серіктестігі жүргізуде, бүгінде 2,8 км  автомобиль жолын асфальттау жұмысы толық аяқталды.

Сонымен бірге Қаратал ауылына кіреберіс автомобиль жолына ағымдағы жөндеу, ауылішілік Берсиев, Сүлеймен-Әулие және Жүсібалиев көшелерін күрделі жөндеу жұмыстары да жүргізіліп, 2,3 шақырым асфальт жабындысы төселді.

— Елді мекендерді газдандыру, тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз ету жұмысы қалай жүргізіліп жатыр?

— Аудандағы 21 елді мекеннің алтауы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Газбен қамтылған халық үлесі — 62,3 пайыз. Аудан аумағында ұзындығы 104 шақырым болатын газ магистралінің құрылысы жүргізіліп, Қаракемер, Ақшатау, Шиқұдық, Кемер және Ақкемер ауылдарына тартылған желі толық аяқталды. Биыл Көптоғай ауылына – 385,1 миллион теңге, Аманкелді ауылына – 946,9 миллион теңге, ал Шиқұдық ауылына  35,4 миллион теңге көлемінде қаржы бөлініп, ауылішілік газ құбыры жүргізіліп, көгілдір отын берілді. Қаракемер, Ақшатау және Кемер ауылдарына ауылішілік газ желісін тарту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамадан өткізілді.

Тұрғындарды таза ауызсумен қамту көрсеткіші 95,2 пайызға жетті. Аудандағы 20 елді мекен сапалы ауызсумен қамтылды. Елді мекендер бойынша қамту үлесі — 95,2 пайызға, ал халық саны бойынша қамту 98,4 пайызға жетіп отыр. Сапалы ауызсумен 100% қамту мақсатында биылжелтоқсан айында Көптоғай ауылдық округіне қарасты Қарасу ауылында орталықтандырылған ауызсу құбыры құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.

— Ойыл ауданы аумағында мол газ қоры бары айтылып жүр. Игеру жұмыстары қашан басталады?

—  Соңғы 5 жылда Ойыл ауданына 38,608 миллион теңге көлемінде инвестиция тартылды. Нақтырақ айтсақ, Көптоғай ауылдық округінің Тамдыкөл кен орнында (мұнай-газ)  «Tabys Operating» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пайдалы қазбаларды барлау жұмысын жүргізді, «Қобыланды» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қараой ауылдық округіндегі Құбасай кен орнында (газ қоры)барлау ұнғымасын бұрғылау «TUMAR i-Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ойыл ауылдық округінің «Егізқара» бағытынан барлау ұнғымасын бұрғылау(мұнай-газ қоры) жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі уақытта «Шығыс Құбасай» кен орны бойынша мол газ қоры ресми түрде бекітілді. Алдағы жылдары игеру жұмыстары басталатын болады.

Ойыл өзенінің тартылып, ортайып бара жатқаны да бірнеше жылдан бері айтылып келе жатыр. Жалпы, өзеннің бүгінгі экологиялық ахуалы қандай?
— Ойыл өзенінің экологиялық ахуалы тұрақты. Өзеннің суы таза, су деңгейі бірқалыпты.

Ауданда экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Дендропланға сәйкес 4040 түп талегілді. Сонымен қатар «Жасыл аймақ» жобасы аясында Ойыл ауылының кіреберісіндегі 60 гектар аумаққа тал көшеттері егілді.

Ойыл өзені суын шаруашылыққа және мал азығын дайындау үшін  пайдалану  мақсатында «ҚазСуШар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы «Қиыл-Тассай» және «Тамдыкөл» лиманды алқабындағы бөгеттерге жөндеу жүргізілді.

Аудан аумағындағы соңғы төрт жылда мақсаты бойынша пайдаланылмаған және игерілмеген 57 ауылшаруашылығы субъектісінің 66000,0 гектар жер учаскесі толықтай және ішінара ауданның босалқы жер қорына қайтарылды. Биыл6989,0гектаржер учаскесі конкурсқа шығарылып, сегіз ауыл шаруашылығы субъектісіне табысталды.

— Әлеуметтік салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтсаңыз…

— Ауданда тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жеті ауылдық округтің өзінің жеке даму жоспары бар.

Ауданда тұрғын үй құрылысы бағытында бірқатар жоба жүзеге асуда. Қазіргі уақытта екі сегіз пәтерлі жалға берілетін-коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы басталды. Жобаның мердігері —«Рус Тал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бүгінде қажетті құрылыс материалдары жеткізіліп, іргетас монтаждау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар «САҚ групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі«Ойыл ауылында 6 бір пәтерлі (жалға берілетін-коммуналдық) тұрғын үй құрылысы» жобасын іске асыруға кірісті.

Биылға аудандық бюджеттен 3 тұрғын үйдің құрылысына 107,8 млн теңге бөлінген-ді, бұл нысандарда құрылыс-монтаж жұмысы толық аяқталып, үйлер пайдалануға берілді.
Қалған 3 тұрғын үйдің құрылысына қажетті қаржы 2026 жылға жоспарланған.

Тұрғын үйге мұқтаж әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 28 баспана сатып алу мақсатында облыстық бюджеттен 106 148 миллион теңге, сондай-ақ кредиттік қаржы ретінде 427 258 миллион теңге қарастырылды.Бұл қаражат есебінен қажетті үйлерді сатып алу және құрылыс жұмысын жүргізу жоспарға сәйкес атқарылып жатыр.Салынған және сатып алынатын тұрғын үйлер кезекте тұрған азаматтарға «Отбасы Банк» акционерлік қоғамы арқылы беріледі.

Ойыл ауданының білім бөліміне қарасты 23 мектеп, 7 балабақша, 2 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің Қаратал ауылында 60 орындық балабақша пайдалануға беріліп,  Ойыл ауылындағы «Асанәлі» балабақшасы ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен бірге Ойыл ауылында 150 орындық балабақша және 320 орындық жаңа мектеп құрылысы аяқталып, қажетті жиһаздармен жабдықталуда. Білім беру ұйымдарына 12800,0 миллион теңгеге ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді. Биыл  білім беру ұйымдарының материалдық әлеуетін көтеру мақсатында 5 мектеп пәндік кабинеттермен жабдықталды.

Халыққа бір орталық аудандық аурухана, алты дәрігерлік амбулатория, бір фельдшерлік-акушерлік пункт және 14 медициналық пункт,33 дәрігер медициналық қызметкөрсетеді. Қазіргі уақытта онколог, анестезиолог-реаниматолог және Қайыңды мен Көптоғай ауылдары үшін 2 жалпы тәжірибе дәрігері қажет етіледі.  Биыл ауданға келген 5 дәрігер тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Сұхбаттасқан Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button