Жаңалықтар

Тұрғындар қуанышы

Ақтөбеде ескі қала ауданын  абаттандыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, Ж.Кереев көшесі мен сол маңдағы гүлзарға биыл қала әкімдігі тарапынан ерекше көңіл бөлініп, жасыл желек егу қолға

алынды. Оның ішінде  теміржол вокзалына дейінгі аумаққа16 түп қарағай егілді. Тұрғындар жаңарған көшенің келбетіне дән риза. Осы көшеде 1972 жылдан бері тұрып келе жатқан зейнеткер Бейбіт Қонақбаев қалада жасыл-желектің көбейгеніне қуанышты екенін жеткізді.

Биыл Кереев көшесі мен осындағы гүлзарға ерекше көңіл бөлініп, ауқымды жұмыс жасалды. Біз, үлкендер жағы, бұл іске разымыз. Жасалған дүниені жастар бағалап, қадірін білсе дейміз. Бірақ қоғамдық тәртіп пен тазалықтың сақталуы үшін полиция тарапынан да бақылаудың күшейгені жөн. Себебі бұл аумақ —  теміржол вокзалына қарама-қарсы орналасқан қаланың кіреберіс қақпасы, — дейді ақсақал.

Жаңарған инфрақұрылым мен көгалдандырудың арқасында бүгінде ескі қаланың көркі артып, тұрғындардың демалуына жайлы жағдай жасалуда. Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button