Басты жаңалықтар

КӨПІРГЕ КАМЕРА КЕРЕК

Кездесу

Аудан әкімі Нұрхан Тілеумұратов Қызылсу және Сарысай ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындар алдында есеп беру кездесуін өткізді. Кездесу барысында ауылдардың соңғы жылдардағы дамуы мен алдағы жоспарлар жан-жақты талқыланды.

Қызылсу ауылында соңғы үш жылда 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, бірқатар маңызды жоба жүзеге асты. Ауылдың кіреберіс жолына асфальттың бірінші қабаты төселіп, мектеп пен Мәдениет үйі толықтай күрделі жөндеуден өтті. Жаңа медицина пункті тұрғындардың игілігіне берілді. Сонымен қатар екі жаңа футбол алаңы мен балалар ойын алаңдары салынып, ауыл инфрақұрылымы айтарлықтай жақсарды.

Тұрғындар кездесуде ауылда шағын асхана ашу, екі көшеге асфальт төсеу, кіреберіс көпірге бейнебақылау камераларын орнату және қосымша тұрғын үйлер салу қажеттігін атап өтті.

Сарысай ауылында да оң өзгерістер байқалады. Ауылішілік көшелер асфальтталып, Мәдениет үйі мен әкімдік ғимараты жөндеуден өткен. Тұрғындар балабақшадағы орын тапшылығы мәселесін шешу, массаж және шаштараз қызметтеріне арналған шағын ғимарат ашу, сондай-ақ екі көшеге асфальт төсеу жөнінде ұсынысын жеткізді.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары аудан басшысына атқарылған жұмыстар үшін оң бағасын берді.

 

Ләззат ӘБДІРОВА,

Хромтау ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button