ҚАНДЫАҒАШТА МАЛ СОЮ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

Кәсіпкерлік
Қандыағаш қаласында жаңа мал сою пункті пайдалануға берілді. Жаңа нысан «Жақсылық — 2025» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жанынан ашылды.
Нысанның ашылу салтанатына қатысқан Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов кәсіп иелерін құттықтап, бұл кәсіпкерлік нысанның аудандағы ауыл шаруашылығын дамытудағы маңызды қадамның бірі екенін жеткізіп, жұмысына сәттілік тіледі.
Жаңа нысан заманауи құралдармен жабдықталған, ветеринария талаптарына сай әрі қауіпсіздік шаралары да ескерілген. Сойылған мал етін сақтайтын тоңазытқыштары да бар.
— Мал сою пунктінде күніне 8-10 ірі қара сойылады. Ғимаратқа қажетті құрылғылар орнату үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 9,2 миллион теңге қаражат алдым. Бүгінгі таңда 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, — дейді нысан иесі Ерлан Анарбеков.
Жандос АЙТЖАН,
Мұғалжар ауданы.



