Басты жаңалықтар

IPHONE-ЫҢЫЗ БОЛСА, АБАЙЛАҢЫЗ!

Киберқауіпсіздік

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы iPhone иелеріне интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертеді.

Шетелдік дереккөздердің (https://www.bleepingcomputer.com/news/security/lostiphone-dont-fall-for-phishing-texts-saying-it-was-found/, https://itc.ua/news/moshennykyobmanyvayut-vladeltsev-ukradennyh-iphone-falshyvymy-soobshhenyyamy-apple-find-my/) ақпаратына сәйкес зиянкестер адамдарға Apple атынан табылған iPhone-ның моделі, түсі және жадының көлемі көрсетілген жалған SMS немесе iMessage-ті, фишингтік сілтемені қоса жалғай отырып жолдайды. Осылайша адамдар хабарламаның жалған еместігіне сенеді.

Бекітілген сілтемеге өту арқылы пайдаланушы Apple Find My сервисіне визуалды ұқсас жалған парақшаға кіреді, ол Apple ID-дің логині мен паролін алаяқтарға жолдайды.

Бұл зиянкестерге iPhone-ның қосылуын құлыптауды айналып өтуге, құрылғыға және жеке ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қауіп-қатердің көрсетілген түрі белсенді түрде таралып жатқанын ескере отырып, қатаң түрде келесі іс-шараларды ұстануды ұсынамыз:

— күмән тудыратын сілтемелерге өтпеуді;

— жоғалған құрылғының құлыптау экранында байланыс ақпаратын көрсету үшін бөлек электронды поштаның мекенжайын пайдалануды;

— SIM-картаға қол жеткізуді қиындату үшін оны PIN-кодпен қорғауды;

— құрылғыны тек icloud.com/find арқылы тексеруді.

Алаяқтардан барынша сақтанып, киберқауіпсіздік талаптарын орындаңыздар.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button