Басты жаңалықтар
ЖАС БАҒБАНДАРДЫҢ ҮЛЕСІ

Мектеп
Жаңа оқу жылынан бастап Ақтөбе қаласындағы №65 орта мектепте «Жас бағбан» жобасы бастау алды.
Мұндағы мақсат — білім алушыларға экологиялық және әлеуметтік-экономикалық білім беру арқылы еңбекқорлыққа, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Мектеп ауласындағы жеміс бағы жобаны жүзеге асыру үшін егілген. Учаскеде тек жеміс ағаштары бар, алда көп жұмыс жоспарланып отыр.
Жоба қатысушылары болып 7 «А» сыныбының ер балалары бекітілді. Ал жобаны үйлестіруші — мектебіміздің география пәнінің мұғалімі Баубек Қабақбаев.
Мейрамгүл ЖҰМАБАЕВА,
кітапхана меңгерушісі.



