Басты жаңалықтар

АШЫҚ КЕҢЕС АЛАҢЫ

Заң мен тәртіп

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік жоғары колледжінде «Жастарға кеңес» жобасы аясында кездесу өтті. Жастарға құқықтық кеңес беру, қауіпсіздік, зорлық-зомбылықтың алдын алу және әлеуметтік жауапкершілікті арттыру мақсатында өткізілген жиынға Ақтөбе қалалық полиция басқармасының өкілдері, дағдарыс орталығының мамандары және жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.

Өңірде қазір «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты 16 күндік республикалық акция өтіп жатыр. Акция шеңберінде оқу орындарында да ақпараттық-түсіндіру мақсатындағы іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Колледждегі бұл кездесу ашық форматта өтті. Студенттер спикерлерге сауал қойып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылыққа қатысты пайдалы мәлімет алды.

«Жастарға кеңес» жобасының басты мақсаты — дұрыс бағыт беру, олардың қауіпсіздігі мен дамуына қолдау көрсету. Біз оқу орындарында түрлі маманды шақырып, тұрақты түрде кездесеміз. Кейде жастар өздері де танымал спортшылармен, өнер адамдарымен кездесу ұйымдастыруымызды сұрап жатады. Мүмкіндігінше сол өтініштерін орындауға тырысамыз. Себебі мұндай кездесулер жастарға өздері үлгі тұтатын тұлғалардың өмірлік тәжірибесінен пайдалы нәрсе үйреніп, қажетті дағдыны қалыптастыруына, дұрыс көзқарас пен мәдени құндылықтарды бойына сіңіруіне мүмкіндік береді. Сондықтан осындай шаралардың маңызы зор, — деді Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ардақ Мәлікұлы.

А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button