Басты жаңалықтар
ҰҚШҰ саммиті қарсаңында мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізді

БІШКЕК. KAZINFORM — Бішкектегі ҰҚШҰ саммиті қарсаңында мемлекеттер басшылары «Ала-Арча» резиденциясында бейресми кездесу өткізді. Бұл туралы Ақора мәлім етті.

— Резиденциядағы «Кыргыз айылы» этнографиялық кешенінде мәртебелі меймандарға қырғыз халқының тұрмыс-салты мен мәдениеті таныстырылды, — делінген хабарламада.



Еске сала кетейік, бүгіен Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барды.
https://kaz.inform.kz/news/ukshu-sammit-karsaninda-memleketter-basshilari-beyresmi-kezdesu-otkzd-9b8b91



