Басты жаңалықтар

Президент ҰҚШҰ кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барды

БІШКЕК. KAZINFORM — Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: Ақорда
— Қасым-Жомарт Тоқаевты Манас әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы — Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 27 қарашада Бішкекте Қырғызстанның төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің келесі сессиясы өтеді.

https://kaz.inform.kz/news/prezident-ukshu-kenesnn-otirisina-katisu-ushn-bshkek-kalasina-bardi-4d373c/

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button