Басты жаңалықтар

САПАЛЫ ӨНІМ, ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒА

Жәрмеңке

Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Шараға Ақтөбе қаласы мен Ырғыз, Қобда аудандарынан келген ауыл шаруашылығы өндірушілері мен шаруа қожалықтары қатысып, өнімдерін тікелей өндіруші бағасымен ұсынды.

Жәрмеңке сөрелеріне 3,1 тонна ет өнімі, 0,9 тонна сүт өнімі және 1,3 тонна көкөніс жеткізілді.

Тұрғындарға тиімді болу үшін жәрмеңкедегі тауарлар нарықтық бағадан 15-20 пайыз төмен бағада сатылды. Бұл өз кезегінде қала тұрғындары мен қонақтарына қолжетімді бағамен сапалы азық-түлік сатып алуға мүмкіндік берді.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі биылғы 27 желтоқсанға дейін сенбі сайын өткізіледі.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button