Басты жаңалықтар

ТУРИСТЕР ЖОЛЫ ТЕГІСТЕЛДІ

Кездесу

Биыл Тассай ауылдық округінде Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, қазіргі таңда әкімдік ғимаратына жөндеу жүргізіліп жатыр. Осындай әлеуметтік маңызды жобалардың жүйелі шешім табуы аудан әкімі Нұрхан Тілеумұратовтың жергілікті халықпен есепті кездесуінде айтылды.

Кездесуде ауыл әкімі жыл бойы атқарылған жұмыс жөнінде есеп беріп, алдағы жоспарымен бөлісті. Оның айтуынша, туристер жиі баратын демалыс аймағына апаратын жолдарға қиыршықтас төселіп, тегістелді. Сонымен қатар табиғи аймақтарды абаттандыру мақсатында қосымша қаржы бөлініп, орындығы бар павильондар мен демалыс аймақтарын орнату жұмысы жүргізілуде.

Жергілікті кәсіпкерлер де ауыл өмірін жақсартуға өз үлесін қосуда. «Алтын Дән К» ЖШС қаражаты есебінен ауылда жаңа фитнес-зал ашылды. Бұдан бөлек пайдаланылмаған егістік жерлер қайта игеріліп, келер жылы картоп және көкөніс дақылдарын егу жоспарланып отыр.

Кездесу барысында тұрғындар ауыл жастары үшін спорттық инфрақұрылымды дамыту және балалар санының көбеюіне байланысты дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу мәселесін көтерді. Бұл ұсыныстарды аудан басшы өз бақылауына алатынын айтты.

Ләззат ӘБДІРОВА,

Хромтау ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button