Басты жаңалықтар

«AQTOBE» телеарнасының белесі

БАҚ

«Aqtobe» телеарнасының 65 жылдығына арналған мерейтойлық шара аталып өтті. Телеарна ұжымын облыс әкімі Асхат Шахаров құттықтап барды.

— «Aqtóbe» телеарнасы алғаш құрылған күннен бастап халыққа қызмет етуді маңызды миссиясына айналдырып, міндетін абыроймен атқарып келеді. Телеарна бағдарламаларынан замана тынысын ғана емес, төл мәдениетіміздің асыл құндылықтарын және жұртымыздың бүкіл бітім-болмысын көруге болады. 65 жылдың ішінде телеарна түрлі кезеңдерден өтті. Қоғамдағы өзгерістер, саяси реформалар, елдің дамуы мен өңірдің өркендеуі телеарна эфирінен кеңінен көрініс тапты. Телеарна — облыс тарихын кадрға жазған ең сенімді шежіреші, — деді Асхат Шахаров.

«Еңбек ардагері» медалі зейнеткер режиссер Қаршыға Айтқұлов пен зейнеткер инженер Қаныкүл Нұралиеваға табысталды. «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі жаңалықтар бөлімінің тәжірибелі мамандарына — Владимир Федотов пен Гүлдана Абайқызына берілді. Сонымен қатар облыс әкімінің Алғыс хатымен бірқатар қызметкер марапатталды.

 Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button