Басты жаңалықтар
КҮЗГІ КӨРІНІСТЕР

Табиғат
Күз — менің ең жақсы көретін жыл мезгілдерімнің бірі.
Бұл кезде табиғат ерекше құлпырып кетеді. Ағаштардың жапырақтары сары, қызыл, қоңыр түске боялады. Саябақта жапырақтар сыбдырлап, жерге түсіп жатады. Ауа салқындайды, жел еседі.
Күз айларында егін жиналады. Бау-бақшада алма, алмұрт, жүзім және басқа да жемістер пісіп, адамдар өнім жинайды. Мектеп оқушылары жылы киініп, сабақтарына барып жүреді.
Мен күзде серуенге шығуды ұнатамын. Жапырақтардың әдемі түсіне қарап, табиғаттың сұлулығына сүйсінемін. Күз — молшылық пен берекенің мезгілі.
Фирдоуси ДАНАҒҰЛОВ,
Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның 3-сынып оқушысы.
Ақтөбе қаласы.



