КОЛЛЕДЖДЕГІ КЕЗДЕСУ

Заң мен тәртіп
Бейсенбі күні «Жастарға кеңес» жобасы аясында Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжінде кездесу өтті. Шараға аталған оқу орнының оқушылары белсенді қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
Басқосуда ювеналдық полиция бөлімшесінің аға инспекторы Нұргүл Жолдыбаева, Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Ержан Аманжолов баяндама жасап, әрқайсысы атқарып жатқан жұмысы жөнінде әңгімеледі. Атап айтқанда, құқықтық мәдениет, жастардың қауіпсіздігі, жауапкершілік және тұрмыстық тәртіп тақырыптары кеңінен талқыланды.
— Жігіттер мен қыздар жастар саясаты, қоғамдық қауіпсіздік бойынша кеңес алып, өзара тәжірибе алмасты. Осындай кездесулер жастардың танымын кеңейтіп, саналы ұрпақ қалыптастыруға өз ықпалын тигізеді деген ойдамыз. Бұның жалғасы болады, — дейді Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Үміт Жолдасқызы.
Жүздесуге жүзге тарта жас қатысты.
Айбек СЕРІКҰЛЫ.



