Басты жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – тұрақты экономика негізі

Бүгінде Ақтөбе облысында шағын және орта бизнеске нақты қолдау көрсететін маңызды қадам жасалып жатыр. Облыстың 12 ауданының мәслихаттары арнайы салық режимі бойынша ставканы төмендетуді қолдады. Олардың қатарында Әйтеке би, Алға, Байғанин, Қарғалы, Қобда, Мұғалжар, Ойыл, Темір, Хромтау және басқа да өңірлер бар.
Бұл — жай техникалық шешім емес. Бұл – кәсіпкерлер үшін, әсіресе қызмет көрсету мен сауда саласында жұмыс істейтіндер үшін, тікелей жеңілдік. Ставканың төмендеуі – жүктеменің азаюы. Бұл бизнесін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін қосымша ресурс. Яғни, біз кәсіпкерлерді тыңдайтынымызды, қолдауға дайын екенімізді нақты іспен көрсетіп отырмыз.
Қалған аудандар бойынша шешімдер биылғы айдың соңына дейін қабылданады деп күтеміз. Осы орайда өзге өңірлердегі әріптестеріме үндеу жасағым келеді: бүгін кәсіпкерлерге құр сөз емес, нақты қадам керек. Салық мөлшерлемесін төмендетуге қадам жасаңыздар. Бұл – жергілікті экономиканың, тұрақтылық пен өсімнің инвестициясы.
Бизнеске қолдау жасау — азаматтарды, жұмыс орындарын, өңірлердің болашағын қолдау.

Күлпаршын Айдарханова, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT»партиясы фракциясының жетекшісі

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button