Басты жаңалықтар
Ақтөбе өңірінде биыл 565 шақырым жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Ақтөбе облысында жыл соңына дейін нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесін 82%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы өңір әкімі Асхат Шахаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Оның айтуынша, жалпы биыл 565 шақырым жол жөнделеді.
«Халықаралық маңызы бар «Самара–Шымкент» автожолының «Ақтөбе–Ұлғайсын» бағытында 262 шақырымын қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның ішінде, биыл Ақтөбе-Хромтау учаскесінде жақын арада 28 шақырым жол тапсырылады. Ол 4 жолақты жол болады. «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» республикалық автожолын орташа жөндеу жалғасып жатыр», – деді спикер.



