Экономикалық өсім — 103,6 пайыз

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Әкімнің айтуынша, 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңірдің экономикалық өсімі — 103,6%.
Атап айтсақ:
• Өнеркәсіп: 101,3%
• Ауыл шаруашылығы: 101,8%
• Инвестициялар өсімі: 129,1%
• Құрылыс: +17%
• Тұрғын үй: +3,5%
• Көлік/логистика: +10,3%
Ең жоғары өсім инвестициялар саласында байқалды – 129,1. Құрылыс жұмыстарының көлемі 17%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 3,5%-ға артты. Көлік және қоймалау саласында 10,3%, саудада 2,1% өсім тіркелді.
Жыл басынан бері облыс экономикасына 892 млрд теңге тартылды.
Биыл құны 110 млрд тг болатын 8 жоба іске қосылды (ERG-дің 150 МВт ЖЭС-і, KazFeltec жүнді терең өңдеу цехы және т.б.). Жыл соңына дейін 350 млрд тг болатын тағы 4 жоба іске асады.
Аймақта арнайы экономикалық аймақ пен индустриялық аймақ жұмыс істеп тұр, инвесторларға жағдай жасалуда.



