Басты жаңалықтар

ЖАС СПОРТШЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ

Мектеп мақтанышы

Шалқар қаласындағы №4 жалпы орта білім беретін мектептің  8-сынып оқушысы Нұржігіт Сақиев — бокспен табанды түрде айналысып жүрген жас спортшы. Ол төменгі сыныптан бастап-ақ спортқа, әсіресе бокс өнеріне ерекше қызығушылық танытып, осы бағытта үздіксіз жаттығып келеді.

Бесінші сыныптан бастап бокс үйірмесіне қатысып жүрген Нұржігіттің еңбегі жыл сайын өз жемісін беріп келеді. Биылғы оқу жылында ол аудандық бокс сайысында жүлделі ІІ орынға ие болса, одан кейін Ақтөбе облысының чемпионатында 35 келі салмақ дәрежесінде ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Бұл жетістік — жас спортшының еңбекқорлығының, ерік-жігерінің және жаттықтырушыларының жүйелі еңбегінің нәтижесі. Нұржігіттің табандылығы мен жеңіске деген ұмтылысы — өз қатарластарына үлгі.

Мектеп ұжымы мен ұстаздары жас спортшының алдағы жарыстарда да биік белестерден көрініп, үлкен спортта ел намысын қорғайтын азамат боларына зор сенім білдіреді.

 

С.БИЖАНОВ, №4 жалпы орта білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, сынып жетекшісі.

Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button