Басты жаңалықтар

ЖАЙЛЫ ТҰРМЫС БАСТАУЫ

Тұрғын үй

Соңғы жылдары Алғада көп қабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеуден өткізу ісі өріс алды.

Жалпы, бұл қалада 95 көп қабатты тұрғын үй бар. Биылдың өзінде толықтай күрделі жөндеуден өткен екі үй тұрғындарға табысталды.

Алдымен А.Байтұрсынов көшесіндегі 14-үй тапсырылған болатын. Жақын күндері ғана Р.Айымбаев көшесіндегі 32-үйдің тұрғындары да үлкен қуанышқа бөленді: 4 қабатты, 36 пәтерлі бұл үйге ең алғаш пайдалануға берілгеннен кейінгі 60 жылға жуық уақыттың ішінде бірінші рет күрделі жөндеу жүргізілді. Бұрын үйдің қасбеті, подъездердің іші адам көргісіз еді. Бүгінде олар әрленіп, жөнделіп, шатырына дейін толықтай жаңартылды. Есіктер мен терезелер де алмастырылды. Сондай-ақ электр, су, кәріз және жылу жүйесі толығымен жаңаланды.

Әр адам әдемі, жайлы жерде тұрғысы келеді. Бұл үйді жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттар 2023 жылы тұрғындардың өтінішімен әзірленген болатын, осы қараша айының ішінде барлық жұмыс аяқталып отыр.

Тағы да 10 көп қабатты үйді осындай жөндеуден өткізу жоспарланған, биыл олардың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді.

Сонымен қатар Алғадағы көп қабатты үйлердің ауласына жалпы құны 59,1 миллион теңге болатын балалар ойын алаңы орнатылды.

Айна САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button