ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Аудан әкімі Нұрхан Тілеумұратов Ақжар және Жазық ауылдарындағы құрылыс нысандарын аралады.
Сапар барысында аудан басшысы Ақжар ауылында салынып жатқан екі пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс барысын қарап, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына және мерзімінде аяқталуына баса назар аударды. Одан әрі әкім Жазық ауылына барып, бірнеше маңызды нысанның жағдайымен танысты. Атап айтқанда, Самара-Шымкент республикалық автожолының қайта жаңарту жұмыстары, ауылда салынып жатқан жаңа мектеп құрылысы және «AkМЭЗ» ЖШС өндірісін кеңейту жобасын қарады. Аудан басшысы жауапты мердігер ұйымдарға жұмыстардың сапасын арттыру және құрылысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Ол әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың уақытылы әрі тиімді жүзеге асырылуы тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.
Ләззат ӘБДІРОВА,
Хромтау ауданы.



