Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алар Карис Бірлескен мәлімдеме қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алар Карис келіссөздер қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Эстония Президенті Алар Каристы қарсы алған еді.
Қазақстан Эстонияны Балтық өңіріндегі маңызды әріптес ретінде қарастырады.
Президент Эстонияның Қазақстан экономикасына құйған инвестициясы 128 миллион доллардан асқанын айтты.
Қазақстан мен Эстония президенттері келіссөз жүргізді.
https://kaz.inform.kz/news/kasim-zhomart-tokaev-pen-alar-karis-brlesken-malmdeme-kabildadi-0277d4/



