Басты жаңалықтар

МҰҒАЛЖАРДА ШӨП ШАБЫЛЫП БОЛДЫ

Мұғалжар ауданында мал азығы дайындалып болды. Аудан шаруалары қысқа қажетті мал азығын артығымен дайындаған.
Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Бауыржан Кенжебайұлының айтуынша, аудан бойынша 213 мыңнан астам тонна мал азығын дайындау жоспарланған.
— Бүгінде жоспар артығымен орындалып, 214 600 тонна шөп тасылып алынды. Бүгінде шабылған шөптің 110 мың тоннаға жуығы қыстаққа, 104 700 тоннасы малы бар тұрғындарға тасылған. Шөп шабуға 106 бригада, 329 арнайы техника жұмылдырылды. Оның ішінде 127 трактор, 43 прицеп және 159 шөп дайындау агрегаты тартылды, — деді Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Бауыржан Кенжебайұлы.
Бөлім берген мәліметке сүйенсек, бүгінгі таңда аудан бойынша 3 500-ге жуық тұрғын мал ұстайды. Аудан бойынша қысқа түсетін мал басының жалпы саны — 132 560. Оның ішінде ірі қара саны — 71 мың, қой мен ешкі саны — 140 мың, жылқы саны — 47 мың, түйе саны — 560 бас.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ,
Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button