Басты жаңалықтар

ТЕГІН КЕҢЕС БЕРДі

Заң мен тәртіп

Ойыл ауданының прокуратурасы Мемлекет басшысының «Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде «Шұғыла » мәдениет және демалыс орталығында «Халық заңгері» акциясын ұйымдастырды.
Тұрғындарға өзекті мәселелер бойынша тегін құқықтық көмек көрсету және құқықтық сауаттылықты арттыруды мақсат тұтқан акция барысында азаматтарға түрлі құқықтық және даулы мәселелер бойынша тегін кеңес берілді. Сонымен қатар іс-шараға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері, нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат қатысты.
Азаматтар бірнеше маманнан бір мезгілде кеңес алу арқылы өз сұрақтарына жан-жақты жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

Серікбай ҚОЙБАҒАРОВ,
Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button