Басты жаңалықтар

Кітапхана — тәрбие ошағы

Ойыл аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлттық біртұтас тәрбие беруде балалар кітапханасының маңызы» атты семинар-тренинг өтті.
Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Г.Жеткергенқызы сөз алып, кітап оқуды бала кезден қалыптастыру болашақ ұрпақтың білімді болуының кепілі екенін айтты. Кітапхана меңгерушісі Г.Аманжолқызы тақырыпқа сай баяндама жасап, баланы кітап оқуға қызықтыру, негізгі білімді кітаптан алуға дағдыландыру туралы пікірін білдірді.
Ұлттық тәрбиенің бастауы болып есептелетін кітап оқу дағдысын бала жасынан қалыптастырудың маңызды екенін көрсететін сахналық көрініс қойылды.
Ойыл қазақ орта мектебінің психолог маманы Т.Сиябаева кітапханашыларға арналған психологиялық тренинг өткізсе, балалар кітапханасының библиографы А.Мәуленова ерекше балалармен жұмыс істеудің жаңа әдістерін ортаға салды. Семинар-тренингтің мазмұнды өтуіне «Балдырған» бөбекжай-бақшасы ұжымы, аудандық саз мектебі мамандары да ерекше үлес қосты.
Семинар аясында «Әжелер мектебі» тәрбиелік клубы ресми түрде өз жұмысын бастады.
— Семинар-тренингтің әріптестер үшін пайдалы болғанына, айтылған ой-пікірлердің болашақта жаңа идеяларға арқау болатынына шүбәміз жоқ, — дейді Ойыл аудандық орталық кітапханасыны директорының міндетін атқарушы А.Жакина.
Семинар соңында балалар кітапханасымен тығыз қарым-қатынас орнатып, осындай іс-шараларға белсене қатысатын ұжымдарға, ата-аналарға, аудан балаларының шығармашылық әлеуетін дамытуға үлес қосып жүрген ауылдық кітапханашыларға Алғыс хат табысталды.
Іс-шараға арнайы шақырылған аудандық мәслихаттың төрағасы С.Ғазизұлы, «Балдырған» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Ә.Қаржауқызы семинар жұмысын жоғары бағалап, ізгі ниетін жолдады.

 

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button