Басты жаңалықтар

Қысқа дайындық пысықталды

Жол

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығыменөткен жиында Ақтөбе облысында қала аумағындағы, жергілікті және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының қысқы маусымға дайындығы пысықталды

Облыстық жолаушылар көлігі жәнеавтомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайырдың айтуынша, өңірдегі жалпы ұзындығы 4440 шақырым болатын жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы кезеңде күтіп ұстауға 44 кәсіпорын жауапты болып бекітілген. Олардың қатарында 8 облыстықжәне 36 аудандық жолдарға қызмет көрсететінмердігер мекеме бар. Барлығы 290 бірлікарнайы техника дайындалған.

— Қыс мезгілінде жол қауіпсіздігін сақтаумақсатында көктайғаққа қарсы3,7 мың тонна инертті материал мен 1,8 мың тонна дизель отынының қоры дайындалды. Сонымен қатарсу өткізгіш құбырлар мен көпірлер тазартылып, көктайғақтың алдын алу белгілері орнатылды, — деді Айбек Қайыр.

Қысқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында биыл облыстық маңызы бар 98 шақырым жолдың қар жиі жиналатын учаскелерінде жалпы ұзындығы 5 мың метр жасанды қар ұстайтын құрылғылар орнатылады. Бұл жұмыстар желтоқсан айының басында басталады. Сонымен қатар облыс әкімдігі жанындағы ситуациялық орталықта арнайы техниканы онлайн бақылау жүйесі енгізіліп жатыр. 53 техникаға GPS навигатор орнатылады. Бұл олардың қозғалысын нақтыуақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.

Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекеттің айтуынша, қала аумағында да автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға дайындықжұмыстары толық көлемде жүргізіліп жатыр. Облысорталығының автомобиль жолдарын күтіпұстау үшін Ақтөбе 18 учаскеге бөлінген. Қызметкөрсетілетін аумақтың жалпы ауданы  — 7,03 миллион шаршы метр. Бұл 711 қала көшесі, айналма жолдар мен 54 тұрғын алаптағыжолдарды қамтиды.

— 16 қазаннан бастап қала аумағында күзгі-қысқы маусым ресми түрде басталды. Бүгіндебарлық мердігерлік ұйым өз учаскелеріндежұмысқа кірісті. Қазіргі таңда қалалықжолдарға қызмет көрсететін 357 бірлік арнайытехника дайын. Қар тазалау жұмысы екіауысыммен ұйымдастырылады. Күндізгіуақытта 30 бригада, ал түнгі уақытта 20 бригада жұмылдырылмақ. Қардың қалың түсуікезінде аудандық тұрғын үй-коммуналдықшаруашылық бөлімдерінің мердігер ұйымдарыда қосымша көмекке тартылады,— деді Азамат Бекет.

Еске салайық, 2025 жылдың қаңтар-сәуірайлары аралығында қала аумағынан 340 мыңтекше метрқар шығарылған.

Қазіргі таңда мердігерлерде көктайғаққақарсы материалдардың жеткілікті қоры бар, атап айтқанда, 1 650 тонна тұз,1 410 тонна құм-тұз қоспасы, 2 000 тоннадан астам құмәзірленген.

Баяндамашыларды тыңдап болған соңоблыс әкімі Асхат Шахаров жауапты органдармен аудан әкімдеріне қысқы маусымға толықдайындықты қамтамасыз етуді тапсырды.«Қазавтожолдың» облыстық филиалыныңреспубликалық жолдарды жөндеуге қатыстыжұмысын сынға алып, былтырғы қарлыборандағы жағдайлардың қайталанбауынқатаң ескертті. Әкім жолды тазалау жәнетехникаларды уақтылы жұмылдырумәселесінде олқылықтар болмауы керегінайтты. Сонымен қатартұрғындардыңқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлықкоммуналдық қызметтің тәулік бойыкезекшілік кестесін ұйымдастыруды міндеттеді.

— Автомобиль жолдарын қысқы маусымғасапалы әрі толық дайындау қамтамасыз етілугетиіс. Бұл ретте арнайы техниканың толықдайындығын қамтамасыз етіп, қажет болғанжағдайда қосымша резерв қалыптастыру, инертті материалдар — құм, тұз, реагенттерқорын жеткілікті көлемде дайындау керек. Жолдардың қауіпті және күрделі учаскелеріндеқауіпсіздік шарасын күшейтіп, тәулік бойыкезекшілік пен жедел әрекет етубригадаларының жұмысы ұйымдастырылсын. Төтенше жағдайлар туындағанда жедел әрекет ету алгоритмі бар, соның аясында тұрғындарды уақытылыхабардар етіп, ақпараттық жұмысты қамтамасыз ету керек,—  деп өңір басшысы сөзін қорытындылады.

 М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button