Спорт

Құрлық чемпионатынан — қос күміс

Су спорты

Өткен аптада Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен ХІ Азия чемпионаты аяқталды.

Биыл құрлық чемпионатына 28 елден 1000-нан астам спортшы қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасы бұл жарыста 23 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте тек Қытайдың алдына шыға алмай, ІІ орынды иеленді. Оның ішінде жүзушілердің еншісінде 10 медаль болса, сондай-ақ артистік жүзуден — 11, су добынан 2 медаль алды. 23 жүлденің 8-і — алтын. Әсіресе жүзуден Әділбек Мусиннің алтынына ерекше тоқталу керек, өйткені осы спорт түрінен елімізден алғаш рет Азия чемпионы шықты.

Байрақты бәсекеге ақтөбелік спортшылар да қатысып, жүлдемен оралды. Атап айтқанда, Айбат Мырзамұратов 50 метрлік қашықтықта брасс әдісімен жүзуден күміс жүлдегер атанса, Глеб Коваленя да тап осы қашықтықта еркін жүзуден күміс медаль иеленді.

Ең бастысы, келесі жылғы жазғы Азия ойындарының алдында екі бірдей жерлесіміздің құрлық үздіктері қатарына ілігуі көңілге үміт ұялатады. Оларға әрдайым сәттілік серік болғай дейміз.

 И.ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button