«Таза Қазақстан»

Орманды алқап тазартылды

Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырды.

Сенбілікке Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина академиясының, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің студенттерінен құралған 70-80-ге жуық ерікті қатысты. Қоқыс таситын көліктер де келіп тұрды. Ақтөбе қаласындағы Астана ауданына қарасты Оңтүстік айналма жолы бойындағы орманды алқап қатты лас екен, сол жердегі біраз қоқыс жастардың күшімен біраз тазартылды.
— Мақсатымыз — тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сондай-ақ қоршаған ортаның тазалығы мен экологиялық мәселелеріне қоғам назарын аударту. Мұндай акцияларды жылына 4-5 рет өткізіп тұрамыз. Іс-шара өткізген сайын тұрғындардан қоқысты кез келген жерге тастамауларын сұраймыз. Айналамыздың тазалығы әркімнің өзінен басталады, — деді Ақтөбе облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы, мемлекеттік экологиялық инспектор Гүлжайнар Әбдірахманова.
Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button