«Таза Қазақстан»

200 түп көшет егілді

«Таза Қазақстан жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында еліміздегі білім беру мекемелерінде табиғатты қорғауға бағытталған жүйелі іс-шаралар кең көлемде жүзеге асырылып жатыр. Осы бастамалар аясында жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру, оларды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға баулу мақсатында «Мектеп орманшылығы» атты оқушылар тобы құрылды.

Оқушылар ағаш егу, аула мен орман алқаптарын тазалау, көгалдандыру, экосабақтар өткізу секілді іс-шараларға қатысып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар оқушылардың экологиялық мәдениетін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға деген азаматтық көзқарасын қалыптастыратыны сөзсіз.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың қатысуымен аудан жастары табиғатты көгалдандыру іс-шарасына белсене қатысты. Акция барысында орман шаруашылығының тәлім бағына 200 түп көшет егілді. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғауға, жасыл желек санын арттыруға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Іс-шараға қатысқан аудан әкімі Асқар Қазыбаев мұндай игі істердің туған өлкенің экологиялық жағдайын жақсартуға зор үлес қосатынын атап өтті.

Серікбай ҚОЙБАҒАРОВ,

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button