«Таза Қазақстан»Жастар
Күзгі науқан: Жастар 50 түп көктерек ағашын отырғызды

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының штабының ұйымдастыруымен “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында №3 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аумағында «Менің атаулы ағашым» атты тал отырғызу акциясы өткізілді.
Аталмыш акцияның басты мақсаты – болашақ әлем чемпиондары шығатын ортаны көркейту, табиғатқа қамқорлық таныту, үлгі көрсету, сондай-ақ қаламыздың гүлденуіне өз үлесімізді қосу және осындай игі істерге қала тұрғындарын шақыру.
Акцияға Ақтөбе автожол колледжінің студенттері белсенді түрде қатысып, барлығы 50 түп көктерек ағашын отырғызды.
А.ІЛИЯС.






