Жұмысшы мамандықтары жылы

Қандыағашта өткен жастар форум-фестивалі жұмысшы мамандықтарының болашақ иелерін біріктірді

Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» атты аудандық жастар форум-фестивалі өтті.

Форум-фестивальге Ақтөбе, Қандыағаш және Ембі қалаларынан келген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысты. Қатысушылар өз жетістіктерін көрсетті, инновациялық жобаларын таныстырды, шеберлік сабақтарында белсенділік танытты.

Іс-шараның салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан жастарды техникалық мамандықтарға тартудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтарының қоғам мен экономиканы дамытудағы рөлін атап өтті.

Аймақ колледждері өз оқу орындарында даярланатын жұмысшы мамандықтар туралы мағлұмат ұсынып, студенттердің практикалық жұмыстарынан көрме ұйымдастырды. Облыс әкімінің орынбасары әр колледждің жұмысымен жіті танысты.

Форум аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Қатысушылар түйіндеме жазу, сұхбатқа дайындалу, еңбек нарығындағы заманауи үрдістер және жұмысқа орналасу шарттары бойынша кеңестер алды. Жәрмеңкеге 20 мекеме қатысып, 70-ке жуық бос жұмыс орнын ұсынды.

Сондай-ақ, Мұғалжар ауданы кәсіпкерлерінің жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде сүт өнімдері, қолөнер бұйымдары, зергерлік әшекейлер, кондитерлік және тоқыма өнімдері ұсынылды.

Бұл форум-фестиваль жастарды кәсіби бағытта дамыту жолындағы маңызды қадам болды және жұмысшы мамандықтары бойынша нақты мансаптық мүмкіндіктерді көрсетті.

Н.ДАБЫЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button