Басты жаңалықтар

Еңбек пен берекенің кезеңі

Қазір күзгі жиын-терін жоғары қарқынмен жүріп жатыр. Диқандар егіннің әр дәнін ысырапсыз жинап алу үшін жан аямай еңбек етуде. Ауарайы шаруаларға қарасып-ақ тұр. Оның үстіне жоғары сапалы техникалардыңтолық дайын болуы науқанды мерзімінде аяқтауға мүмкіндік беріп отыр. Мамандар егіс алқаптарында күн-түн демей еңбек еткен механизаторлар мен шаруашылық ұжымдарының арқасында биыл мол өнім жиналып жатқанын айтты.

450 мың тонна астық жиналды

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы егіншілік бөлімінің басшысы Нұрбек Райымбаевтың айтуынша, биыл облыс диқандары егін науқанын жоғары қарқынмен өткізуде.

Қазіргі таңда егін жинау науқанының шешуші кезеңі жүріп жатыр. Диқандар бар күш-жігерін жұмсап, мол өнім алу үшін тынымсыз еңбек етуде. Күзгі жиын-терін — жауапты науқан. Өйткені шаруалар күздің әрбір күнін тиімді пайдалануға тырысады, — дейді Нұрбек Райымбаев.

Оның айтуынша, бүгінде дәнді дақылдар 421 мың гектар жерден жиналды. Бұл — жоспардың 99 пайызы. Әр гектардан орташа есеппен 11 центнер өнім алынып, барлығы 450 мың тонна астық жиналды.

Егер ауа райы қолайлы болса, егін жинау жұмыстары алдағы 3-4 күнде толық аяқталады.Вегетациялық ерекшеліктеріне байланысты майлы дақылдарды жинау науқаны енді ғана басталды. Соңғы мәліметтер бойынша,20,1 мың гектар жерден орташа есеппен гектарына шамамен 9,8 центнер өнім алынды. Жалпы 20 мың тонна майлы дақыл жиналды, — дейді бөлім басшысы.

Шилісайдың картобы

Ақтөбе қаласына қарасты Шилісай ауылының маңында 42 гектар жерге картоп еккен «Еламан-2014» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы жылғы жиын-терін жұмыстарын табысты аяқтады. Екі күн бұрын шаруашылық ұжымы картоп қазуды толық аяқтап, қазір өнімді тазалау, сұрыптау және қаптау жұмыстарымен айналысып жатыр.

Жыл сайын шамамен осы көлемде картоп егеміз. Өнімділік жағынан да айырмашылық көп емес. Биыл да түсім ойдағыдай болды, — дейді серіктестік басшысы Мейіржан Әлжанов.

Биыл бұл серіктестік «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен 300 тонна картопжеткізужөніндекелісімшартжасаған. Бұл өнім алдағы уақытта тұрақтандыру қоры арқылы әлеуметтік дүкендерге жөнелтіледі.

Бізде өнім өткізу жағынан қиындық туындаған емес. Жыл сайын корпорациямен келісімшарт жасаймыз. Біздің басты міндетіміз — өнімнің сапасын сақтау. Қазіргі таңда сыйымдылығы 1200 тонна болатын, барлық талапқа сай қоймамыз бар. Тұрақтандыру қорына картопты өзіміз жеткізбейміз, тек қоймадан көлікк етиеп береміз, — дейді шаруашылық жетекшісі.

Бүгінде серіктестікте төрт адам тұрақты жұмыспен қамтылған, ал науқан кезінде Шилісай, Пригородный және К.Нокин атындағы ауылдардан, сондай-ақ өзге елді мекендерден15 адам маусымдық жұмысқа тартылған.

Біз егетін картоп қысқа сақтауға арналған. Қазі рірісін келісі— 150 теңгеден, орташасын— 130 теңгеден, ал ұсақтүрін 80 теңгеден сатып жатырмыз. Қоймада картоп наурыз айына дейін сақталады. Биыл үш түрлі сорт — Крона, Галажәне Джулия егілді. Көршілес Ресейден тек Джулия сортының тұқымыналдық, қалған тұқым өз өнімімізден шықты, — дейді кәсіпкер.

Бүгінде шаруашылықтың сапалы өніміне сұраныс жоғары. Көршілес аудандардан көтерме бағасына сатып алушылардың қатары көбейген.

 Өнімділік көлемі жоғары…

 Нұрбек Райымбаевтың айтуынша, биыл облыс шаруалары өнім көлемінің айтарлықтай артқанын атап өтуде. Әсіресе картоп дақылының орташа өнімділігі гектарына 220-250 центнерге дейін жетіп отыр. Биылкартоптың жалпы егіс алқабы 3,2 мың гектарды құрап, оның негізгі бөлігі Қарғалы ауданы мен Ақтөбе қаласы маңындағы суармалы аймақтарда орналасқан. Облыс шаруалары негізінен Джулия, Крона, Карина, Гала және Королева Анна сияқты жоғары өнімді картоп сорттарын өсіреді.

Биыл картоп пен көкөніс дақылдарының жалпы өнімі өткен жылдармен салыстырғанда едәуір артқаны байқалады. Атап айтқанда, 2,8 мың гектар алқаптан жиналған картоптың әр гектарынан орта есеппен 187 центнер өнім алынып жатыр. Бүгінде шаруалар қамбаға 51,8 мың тонна картоп жеткізді. Ал көкөніс дақылдары 1,7 мың гектар жерден жиналып, гектарына 172 центнерден өнім берді. Осылайша облыс бойынша жалпы 29,3 мың тонна көкөніс жиналды, — деді басқарма өкілі.

Ауыл шаруашылығы саласының мамандары мұндай жоғары көрсеткіштерге жетуді заманауи агротехнологияларды енгізу, тыңайтқыштарды тиімді пайдалану және суару жүйесін жетілдіру жұмыстарының нәтижесі деп бағалап отыр.

Элеваторлардағы үздіксіз жұмыс

Биыл облыс бойынша дәнді дақылдардың егіс көлемі — 426,4 мың гектар, майлы дақылдар — 60,3 мың гектар, ал картоп және көкөніс-бақша дақылдары 6,1 мың гектарды қамтиды. Мамандардың айтуынша, егін жинау жұмыстарына қажетті ауыл шаруашылығы техникалары толықтай қамтамасыз етілген, сондай-ақ дизель отыны қажетті көлемде бөлінген.Бұл диқандардың уақтылы әрі сапалы өнім жинауына мүмкіндік беріп отыр.

Жиналған астықты сақтау мәселесі де назардан тыс қалмаған. Облыстағы астық сақтау қоймаларының жалпы сыйымдылығы 685,1 мың тонна болып, бұл көлем осы жылғы өнімді толық сақтауға жеткілікті. Қазіргі таңда элеваторларда 136 мың тонна астық сақталуда, яғни сыйымдылықтың 34 пайызы жүктелген. Сонымен қатаржаңа егіннен 120,5 мың тонна астық қабылданған.

Аймақтағы астық қабылдау кәсіпорындары газ және дизель отынымен жұмыс істейтін заманауи кептіргіш қондырғылармен жабдықталған. Элеваторларда шаруашылықтардан астықты қабылдау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Диқандардың қажырлы еңбегі мен жүйелі ұйымдастырылған жұмыстардың арқасында облыс бойынша биылғы егін науқаны сәтті өтуде,— дейді Нұрбек Райымбаев.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button