Ойылдық жастардың үлесі


Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Jasyl cross — 2025» экоплоггингі өтті.
Плоггинг — жүгіруді қоқыс жинаумен біріктіретін экологиялық қозғалыс. Аудан аумағын қоқыстан тазарту, экологиялық проблемаларға назар аудару, жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында өткен шараның ашылуына аудан әкімі Асқар Қазыбаев, Amanat партиясы Ойыл аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Еркін Жиеналин, бөлім басшылары мен «Жасыл ел» жасағының жастары қатысты. Аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы игі шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Жарысқа 10 командаға бөлінген 150 жас белсене атсалысты. Олар шашылған қоқысты бір сағат ішінде жинап, қапшықтарын тезірек толтыруға тырысты. Нәтижесінде 2 тонна қоқыс жинап, арнайы жүктиегіш көлігімен шығарды.
Іс-шара соңында командалар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.
С.ҚОЙБАҒАРОВ,
Ойыл ауданы.






