Басты жаңалықтар

Айқын бағыт, нақты міндет

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен отырыста «Жасанды интеллект  : өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Президент Жолдауын өңірде іске асыру жолдары қаралды.

Аудан әкімдері онлайн қосылған жиынға мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық басқармалар мен департаментбасшылары, сондай-ақ бизнес өкілдері қатысты.

Өңір басшысы өз сөзінде Президент Жолдауы мемлекеттің дамуына жаңа көзқарас пен тың серпін беретін стратегиялық бағдар екенін алға тартып, бірқатар маңызды міндеттерді айқындап, бұл бағытта барлық құзырлы орган мен мекеме, жеке сектор бірлесе жұмыс істеуі қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда инвестиция тарту, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, көлік-логистика саласын жетілдіру мәселелеріне баса назар аударды. Сондай-ақ заманауи технологиялардың рөлін, жасанды интеллект пен цифрлық шешімдердің ел экономикасы мен қоғам өміріндегі маңызын ерекше атап өтті. Әлеуметтік әділеттілік, адами капиталды дамыту, білім беру, денсаулық сақтау, экология, өңірлік даму, цифрлық теңсіздікті жою сияқты өзекті мәселелер бойынша да нақты тапсырмалар берілді. Басты мақсатымыз — Жолдауда жүктелген міндеттерді тиімді, сапалы әрі уақтылы орындау. Бұл —  жалпыұлттық мақсат. Уақыт өте тығыз, тоқмейілсіп отыруға болмайды. Бұған алдымен өңір басшысы ретінде менің жауап беретінімді ескерген жөн,— деді облыс әкімі Асхат Шахаров.

Отырыста облыс әкімінің орынбасарлары өз салаларын қамти отырып, баяндама жасап, Жолдау аясында іске асырылатын іс-шаралар жоспарын таныстырды.

Асхат Шахаров құзырлы органдарға әрбір сала бойынша нақты әрі жүйелі тапсырмалар жүктеп, жеке сектор өкілдерімен ынтымақтастықта жұмыс жүргізуді міндеттеді.

А.НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button