Ақтөбеде елордалық стандарттар енгізіледі


«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Астана қаласының Урбанистика орталығының мамандары Ақтөбеге іссапармен келді. Мақсат — жергілікті тәжірибені зерттеу, жүзеге асырылып жатқан жобаларды бағалау және қалалық ортаны жүйелі түрде жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу. Бұл жұмыс Президент тапсырмасы аясында іске асырылуда және елордалық табысты тәжірибелерді өңірлерде кеңінен енгізуге бағытталған.
Мамандар облыс әкімі Асхат Шахаров, қала әкімі Азамат Бекет және қалалық қызмет көрсету құрылымдары өкілдерінің қатысуымен Шернияз, Алтынсарин, Ахтанов, Ломоносов, Есет батыр көшелері мен Әбілқайыр хан, Бейбітшілік, Тәуелсіздік даңғылдары, Алтын Орда шағын аудандары сияқты шаһардың ескі және жаңа бөліктерін аралады.
Қаланыаралаукезіндеөңірбасшысыатқарылыпжатқанжұмыстардыңсапасыжәне бизнес өкілдерініңқалалықинфрақұрылымдытүрлендірудегірөліненазараударды. Айта кету керек, Ақтөбедекөптегенірікәсіпорындар мен ұйымдарскверлер, парктер, аллеялардыабаттандыруғаниетбілдіруде. Олардыңқатарында «АлиханОйл-З», «Анвар», «Дастан», «Айс-Плюс», «СК 8 Групп», «Зерде-Керамика Ақтөбе» сияқты басқа да серіктестіктер мен кәсіпорындар бар. — Қаланың сыртқы келбеті — жай ғана эстетика емес, бұл өз кеңістігіңе деген қарым-қатынастың көрінісі. Бізге фасадтар, жарнамалар, абаттандыру элементтері бойынша нақты стандарттар қажет. Тек осылай ғана біз визуалды тәртіп пен заманауи атмосфераға қол жеткіземіз ,— деді әкім.
Нысандарды қарап шыққан соң астаналық мамандар елордада сәтті жүзеге асырылып жатқан және Ақтөбеде бейімдеуге болатын бірқатар нақты ұсыныстармен бөлісті. Атап айтқанда, үш негізгі құжатты енгізу ұсынылды. Ол — ландшафттық мастер-жоспар, қала бренді және көгалдандыру тұжырымдамасы. — Біз «Таза Қазақстан» акциясы аясында Ақтөбеге келіп, жергілікті тәжірибені зерттеп, үздік тәжірибелерді ұсынғымыз келеді. Әкімдіктің ұстанымы көңіл қуантады. Бос жатқан жерлерде скверлер мен қоғамдық алаңдар пайда болуда. Бұл — дұрыс бағыт және біз оны қолдауға дайынбыз,— деді Астана қаласы Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.
Сондай-ақ елорданың табысты тәжірибелері де айтылды. Мысалы, Астанада құрылыс компаниялары нысанды пайдалануға берген соң, аумақты абаттандыруға жауапты, олар аулаларды асфальттайды, ағаш егеді. Осындай тәжірибелер талқыланғаннан соң облыс әкімі нақты тапсырмалар берді.
— Мұндай тәжірибені біз де енгізуіміз керек. Әрбір құрылысшы нысанды тапсырғаннан кейін аула аумағын асфальттап, ағаш отырғызып, абаттандыруға қатысуға тиіс. Бұл міндетті талапқа айналуы керек, — деп атап өтті Асхат Шахаров.
Мамандар елордадағыдай Ақтөбеде де ірі ағаштар егуді, олар қалалық экожүйе үшін тиімді болатынын жеткізді. Сонымен қатар фасадтар, жарнамалар мен шағын архитектуралық формаларға арналған дизайн-код әзірлеуді, рұқсатсыз орнатылған жарнамалар мен визуалды тұрғыдан агрессивті элементтерді жоюды, сондай-ақ қала сәулетіне келмейтін ашық түсті шешімдерден бас тартуды ұсынды.
Жергілікті билік Урбанистика орталығы мамандары тарапынан ұсынылған шешімдерді іске асыруда әдістемелік және кәсіби қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
Арайлым НҰРБАЕВА.



