Басты жаңалықтар

Сквер қайта жаңарады

Ақтөбеде ірі кәсіпорындардың демеушілігімен жаңа скверлер салынып, ал ескіргендері қайта жаңартылып жатыр. Солардың бірі — Есет батыр тұрғын алабындағы желілік саябақ.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, бұл саябақтың барлық дерлік мүлкін, яғни  әткеншектер, беседкалар, орындықтар, қоқыс жәшіктері, жарықшамдары мен  воркаут алаңын және  балалар ойын  алаңдарын осы ауданның тұрғындары сындырып, бүлдіріп жарамсыз етіп тастаған. Соған қарамастан, коммуналдық қызмет жұмысшылары биыл гүл егіп, саябақты күтіп ұстау жұмыстарын өз міндеттеріне алған.

Қала әкімінің осы саябақтың сынған мүлкін жөндеп, жаңарту туралы ұсынысын Ақтөбе мыс зауытының басшылығы қабыл алды. Қазір 30 миллион теңге бөліп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Саябақ жиһаздары, алаңдары жаңартылды, жаңадан жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындар енді өздерінің тұрған жерлеріне жанашырлық танытады деп сенеміз. Біздің ұсынысымызды қабылдап, қалаға қолдау көрсетіп жатқан кәсіпкерлерге рақмет,—  деді Азамат Бекет.

Ақтөбеде демеуші кәсіпкерлер есебінен бос жатқан учаскелер абаттандырылып, шағын аллеялар мен скверлерге айналып жатыр. Мәселен, Бөкенбай батыр көшесінің бойындағы, яғни «Дастан» қонақүйінің маңындағы  бос кеңістікті скверге айналдыруды «Дастан» компаниясы міндетіне алса,  Сәңкібай батыр даңғылы бойындағы (Шинторг центр ауданындағы) 9400 шаршы метр жер учаскесіне «РС GRANT» ЖШС-сы саябақ салып береді. Кәсіпкерлер бұл жерлерді абаттандырып қана қоймайды, орындықтар, қоқыс жәшіктері, street workout (спорт алаңы) қойып, брусчатка төсеп, жарықтандыру, суару жүйелерін орнатып береді.

Сондай-ақ М.Маметова көшесінің бойындағы «KeruenCity» ойын-сауық, сауда орталығына қарсы беттегі бос жатқан 30 сотық жерді «Алихан ОЙЛ-3»  ЖШС-сы  абаттандырып қойды.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button