Басты жаңалықтар

Ақтөбеде логистика орталығы құрылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия еліне барған жұмыс сапарында S Sistem Lojistik компаниясының басқарма төрағасы ХусейнБарлинді қабылдап, оның Ақтөбе халықаралық әуежайында логистика орталығын құру бастамасына қолдау білдірді.

Аталған жоба «Қазпошта» акционерлік қоғамымен бірге жүзеге асырылатын болады.

Кездесу барысында компаниямен логистика саласында өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді серіктестік орнату перспективасы талқыланды.

Президент елімізді Еуразиядағы жетекші транзиттік хабқа айналдыру үшін Орта дәлізді жан-жақты дамыту жұмыстары басталғанын жеткізді. Бұл орайда еліміздің транзит әлеуетін арттыру үшін Ақтөбеде жаңа көлік-логистикалық хабы ашылады.

Хусейн Барлин жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ компанияның алдағы уақытта Астана, Алматы, Шымкент және Ақтау қалаларында да логистика орталығын кеңейтуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, логистика инфрақұрылымын кешенді түрде дамыту өте маңызды. Мұның бәрі транзит уақытын қысқартуға және экспорт инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.

S SistemLojistik—Түркияның логистика секторындағыжетекшіинновациялықұйым. Компания Ыстанбұл, Анкара, Измир және Анталья әуежайларында, сондай-ақбасқа да жерлердежалпыаумағы 100 мыңшаршы метр қоймажелісінбасқарады.

akorda.kz.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button