АуылБасты жаңалықтар

Әлия туған ауыл

Бұлақ ауылы— Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туған жері. Ауыл табиғатымен де, тұрмысымен де дара. Облыстағы ішімдіктен ерікті түрде бас тартқан санаулы ауылдардың бірі.

Шешімін күткен мәселелер көп

Ауылдағы жалғыз көше Әлияның есімімен аталады. Ал орталықтағы саябақта батырдың қола мүсіні орнатылған. Әлия тұрған үйдің іргесінде салынған музей бүгінгі ұрпаққа оның ерлігі мен өмір жолын таныстыратын рухани орталыққа айналған.

Ауыл әкімі Серік Матаевтың айтуынша, бүгінде Бұлақ ауылында 191 тұрғын бар. Оның жартысына жуығы— жастар мен зейнет жасындағы адамдар. Ауылда халық саны тұрақты.

Бұлақта мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Табиғи газ, ауызсу, электр жарығы ауылға толық тартылған. Мобильді байланыс пен интернет те қолжетімді. Жергілікті тұрғындар үйлерінде Wi-Fi пайдаланады.Бұрын ұялы байланыс мәселесі өзекті болған. Қазір бұл түйткіл шешімін тауып, ауыл аумағына жаңа байланыс мұнарасы орнатылды, — деді С.Матаев.

Ауыл ішіндегі жолдардың жағдайы орташа деңгейде. Келесі жылы бір шақырымға жуық жолды асфальттау жоспарланып отыр.
Бұл жоба аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы арқылы жүзеге асырылады деп жоспарланған. Жөндеуден өтетін көшелер, мердігер компания мен бюджет көлемі нақты белгіленіп, алдағы уақытта іске асырылады деп күтілуде, — деді ауыл әкімі.

Бұлақта 9 жылдық мектеп жұмыс істейді. Алайда оқушы саны аз, мұғалімдер тапшы. Қазір мектепте кадр мәселесі өзекті болып отыр.

Тарихы терең, тағылымы мол ауылда шешімін күтетін түйткілді мәселелер де бар.Мәселен, бос жұмыс орындарының тапшылығы байқалады. Мектепте мұғалімдер жетіспейді, білім беру сапасын арттыру үшін жаңа кадрлар қажет. Ауыл мектебі 9 жылдық болғандықтан, жоғары сынып оқушылары басқа елді мекенде оқуға мәжбүр.

Медициналыққызметтің де кемшінтұстары бар. Фельдшерлік пункт бар болғанымен, жеделжәрдемкөлігіжоқ. Ауданорталығынадейінжолалыстауболғандықтан, науқастардытасымалдауқиындықтуғызады, — дейді ол.

Қазір ауылғажас мамандарды тарту бағытында жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Мұнда мектептен бөлек, Мәдениет үйі, кітапхана және музей бар. «Асыл әжелер» ансамблі, балалар клубы, шығармашылық үйірмелер де ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беріп отыр.

Ауыл әкімінің айтуынша, тұрғындарға жеке үй салуға немесе қосалқы шаруашылық жүргізуге арналған жер телімдері беріледі. Ауылда саябақ пен балалар және спорт алаңы салынған. Бұл — соңғы жылдары қолға алынған игі істердің бірі.

Кәсіптің көзін тапқан

Бұлақ ауылында мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар бар. Солардың бірі — 2000 жылдан бері жұмысын тоқтатпай келе жатқан «Табанов» шаруа қожалығы.

Шаруашылық басшысы Қыдырбай Табанов зайыбы Гүлжамиға Төлегеноваекеуі 25 жыл бұрын осы кәсіпті бастаған. Бүгінде олар ауылдастарынтабиғи әрі сапалы өніммен қамтып отыр.

Бізге жолаушылар жиі соғады. Жол бойында көже, шұбат, қымыз ұсынамыз. Ауылдан, ауданнан келіп саумал ішетіндер көп. Қымыз, сүт сатып алады. Жылқы мен сиырды қатар ұстаймыз. Сүтті, етті бағытта мал өсіріп отырмыз. Адал еңбектің берекесі мол, — дейді Г.Төлегенова.

Қожалықта бүгінде 100-ге жуық ірі қара, 40 бас жылқы бар. Мал жайылымы мен су мәселесі шешілген. Ең қуаныштысы — бұл шаруашылық жергілікті тұрғындарға жұмыс беріп отыр. «Күмісжас»бағдарламасыаясында 3-4 адамеңбеккетартылған. Шаруашылық аумағында тіпті қонақтарға арналған киіз үй де тігілген.

Гүлжамиға апайдың айтуынша, ең бастысы— ниет пен тазалық. Олар тұтынушыға табиғи өнім ұсынып, халықтың алғысына бөленіп жүр.

Гүлжамиға Төлегенованың айтуынша, отбасы мүшелерінің барлығы шаруашылық жұмысына белсене араласады.
Балаларымыз еңбектің қадірін біліп өсті. Үш ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірдік. Ұлдарым шөп шауып, қожалықтағы жұмыстарға көмектеседі, келіндерім сиыр саууға қолғабыс етеді. Ысталған қымыз, құрт, май, қаймақ, ірімшік сияқты өнімдерді өзіміз жасап, саудаға шығарамыз. Бұл — отбасылық кәсіпке айналған тірлік. Осылайша еңбегіміздің жемісін көріп отырмыз. Мемлекеттен де қолдау бар. Сол қаржылай қолдаудың арқасында жұмысшыларға жағдай жасауға, шаруашылықты кеңейтуге мүмкіндік туды, — дейді ол.

Тәртіпті ауылдың тұрмысы

Облыс орталығынан 112 шақырымқашықтықта орналасқан Бұлақ ауылы — бүгінде бейбіт тіршілігімен де көпке үлгі. Бұл жерге алғаш рет аяқ басқан адамға ең алдымен тыныштық пен тазалық сезіледі.

Мұнда екі жылдан бері қызмет етіп жүрген учаскелік полиция инспекторы Бексұлтан Қылышбаевтың айтуынша, ауылда қылмыс мүлде тіркелмеген.

Жергілікті халық өте ұйымшыл. Ішімдік ішіп, тәртіп бұзатын адамды көрген емеспін. Тұрғындар бір-бірін жақсы таниды, сырттан келген адам бірден көзге түседі. Бұл — шағын ауылдың артықшылығы, — дейді тәртіп сақшысы.

Бұлақ ауылы тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануы денсаулық көрсеткіштеріне де оң әсер етіп отыр. Ауыл фельдшері Хадиша Бисенова соңғы жылдары тұрғындардың денсаулық жағдайы айтарлықтай жақсарғанын жеткізді.

Ауыр науқастар азайды. Ауруханаға жатқызылатындар сирек. Туберкулезді мүлде ұмыттық десе де болады. Негізінен,жасы үлкен адамдар қан қысымы немесе қант диабеті бойынша келіп, қаралып тұрады, — дейді ол.

Бүгінде ауылдан көшіп жатқандардан гөрі, келіп қоныстанғандардың қатары көбеюде. Мәселен, жақында ауылға Ақтаудан бір отбасы көшіп келген.

Музейге келушілер көбейді

 Биыл Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына байланыстыбатырдың музей-үйіне келушілердің саны артқан. Батыр қыздың кіндік қаны тамған жерде ашылған бұл шағын музей — рухани тәрбиенің өзегі.

Музей-үй 2021 жылы «Қос Шынар» Әлия-Мәншүк қайырымдылық қорыныңбастамасымен ашылған. Жоба авторы — марқұм, қоғам белсендісі Ғалымжан Байдербес.

Бұл музейде Әлияның отбасына, туыстарына, туған жеріне қатысты бұрын-соңды еш жерде кездеспеген тың мәліметтер мен фотоматериалдар жинақталған. Әлияның ата-анасы мен туыстарының фотосуреттері сақталмағандықтан, оларды сипаттамалар мен естеліктерге сүйене отырып, суретші Бақыткерей Жапаров бейнелеген болатын, — дейдіоблыстық «Әлия» патриоттық тәрбие беруорталығының директоры Бағдаш Тупенова.

Музейде «Әлияның отбасы», «Туған топырақ», «Жауынгерлік жолы» атты бірнеше бөлім бар. Сонымен қатар Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі архивтерден алынған ресми құжаттар, жауынгерлердің хаттары, суреттер мен тұрмыстық заттар да қойылған. Бұл жәдігерлердің барлығы — жас ұрпақтың жүрегіне отансүйгіштік рух дарытатын құнды материалдар.

Бізге облыс орталығынан, еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы экскурсиямен келетіндер көп. Мектеп оқушыларына, студенттерге арнап музей ішінде танымдық сабақтар өткіземіз. Келушілер өз әсерімен бөлісіп, ұсыныстарын да қалдырады, — дейді музей директоры.

Музей жұмысы ауылдағы өзге мәдени ошақтармен де тығыз байланысты. Әлия есімі берілген көше, қола мүсіні орнатылған саябақ, мектеп ішіндегі бұрыш — барлығы біртұтас кешен іспетті. Ал болашақта музейді кеңейтіп, қосымша ақпараттық залдар ашу жоспарлануда.

Айдана АЛТЫБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button