100 қап қоқыс жинады


Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық акциясы аясында кезекті тазалық шарасы ұйымдастырылды. Бұл жолғы сенбілік Астана күні қарсаңында «Astana» саябағында өтті.
Шараға облыстық және қалалық жастар ресурстық орталығының мамандары, «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары, сондай-ақ қала тұрғындары белсене атсалысты. Қатысушылар саябақ аумағын қоқыстан тазартып, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.Нәтижесінде100 қапқа жуық тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы техникамен қоқыс полигонына жөнелтілді.
— Астана күніне орай қала тұрғындары жиі келіп серуендейтін, тынығатын саябақты тазалауды жөн көрдік. Бұл, бір жағынан, мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылса, екінші жағынан, табиғатқа деген жанашырлықты насихаттауға бағытталды. Жалпы, тазалық — мәдениетті қоғамның көрсеткіші. Біз жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды басты мақсаттардың бірі деп санаймыз, — деді облыстық «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы штабының төраға орынбасары Артур Әзиев.
Айдана НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ.



