Астана — бейбітшілік пен болашақтың қаласы

Сарыарқаның кең-байтақ даласында Қазақстанның жаңа елордасы — Астана қаласы тарихи маңызды кезеңнің бастауы ретінде бой көтерді. Бұл бастаманы алғаш көтерген Қазақстан Президенті болғаны белгілі. Астана қысқа мерзімде салынып, бүгінде еліміздің даму динамикасының символына, миллион тұрғыны бар үлкен мегаполиске айналды.
Бекіністен бас қалаға дейін
Астана қаласының тарихы 1830 жылы Есіл өзенінің жағасында орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.1862 жылыАқмолинскқаламәртебесіналды.1962 жылықалаға Целиноград атауыберілді.1997 жылыПрезидент Жарлығыменелорданы Алматыдан Ақмолағакөшірутуралышешімқабылданды.
1998 жылы 6 мамырда жаңаелорданыңатауы Астана болыпөзгертілді.1998 жылы 10 маусымда Қазақстанның жаңаелордасы — Астананыңхалықаралықтұсауыкесілді. Сол жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілгенбұлконкурста Астана барлықөлшембойыншаәлемніңәртүрліелдерінің он екіқаласынбасыпозды.
Қала бес әкімшілікбірліктен — Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқоңыр және Нұра аудандарынан тұрады. Есіл және Нұра ауданы қаланың даму динамикасына қарай кейінгі жылдары құрылды.
Есілдің екі жағалауы
Астана қаласы Есіл өзенінің жағалауында орналасқан. Қала екі бөлікке бөлінеді — оң және сол жағалау. Қаланың гидрографиялық желісі тек Есіл өзенімен емес, сонымен қатар сол өзеннің оң ағымдары — Сарыбұлақ пен Ақбұлақ өзендерімен де ұсынылған. Қаланың 25-30 шақырым радиусында көптеген тұщы және тұзды көлдер бар.
Миллион тұрғыны бар қала статусына 2017 жылдың маусымында қол жеткізілді. Ол кезде тұрғындар саны 1 002 874 адамға жетті.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қала тұрғындарының саны 1 354 435 адамға жетті. Бұл — Алматыдан кейінгі Қазақстандағы екінші көрсеткіш. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.Қала территориясы аумағы — 797,33 шаршы шақырым (2017 жылғы 7 ақпанда Ақмола облысының елді мекендерсіз 87,19 шаршы шақырым қалаға қосылғаннан кейін).Қала дала жазығында орналасқан. Алып жатқан аумақтың рельефі — төмен террассалар. Каштан топырағы басым.
Астана қаласы Ақмола облысының аумағында орналасқан және осы облыстың үш ауданымен (Целиноград, Шортанды және Аршалы) шектеседі. Қаланың өсуі Ақмола облысы Целиноград ауданының аумағын екі бөлікке бөлді.2018 жылғы 7 ақпанға дейін Астана территориясына қаладан басқа (69 822 га) 2 орманшылық учаске (шығыста аумағы 459 га мемлекеттік орман тәлімбағы, солтүстікте Қоянды су қоймасындағы саяжай (12 саяжай қауымдастығы бар) енді.
2019 жылы 20 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаланың атын экс-президенттің құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертілді.2022 жылы 17 қыркүйекте Президент Жарлығымен Астана атауы қайтарылды.
Астана агломерациясы
Қала халқының өсуі, негізінен, көші-қон ағыны есебінен қамтамасыз етілуде. Көші-қон сальдосының елеулі түрде өсуі (50 мыңнан асатын шекте) 2000-2001 жылдары байқалды.
2015 жылдың қарашасында қабылданған «Астана агломерациясының аумақтық дамуының аймақаралық схемасы» жобасы негізінде жалпы ауданы 21,75 мың шаршы шақырым болатын, Ақмола облысының Аршалы, Целиноград және Шортанды аудандарының 127 елді мекені, сондай-ақ Ақкөл облысының төрт ауданы (Урюпин ауылдық округі, Еңбекші ауданы, Кеңес ауылдық округі, Ақкөл қалалық әкімшілігі) қоса, Астана агломерациясының шекаралары анықталды.
Агломерацияны дамыту жобасымен 2020 жылы агломерация саны 1,2 миллион адамға дейін, ал 2030 жылға қарай 1,5 миллионнан астам адамға өседі деп күтілуде.
Жасыл белдеулер, жаңа жобалар
Қала климаты аса континенталды. Жазы ыстық және құрғақ, ал қысы суық, ұзақ. Орташа жылдық температурасы — 3,1 °C. Жауын-шашын жылына 300 мм түседі. Жаздың орташа температурасы шамамен 20°С болғанымен, Орта Азияның ыстық ауа массаларына байланысты максималды температурасы 40 °C болуы да мүмкін. Жазы жылы, бірақ қысқа. Ал қыстың орташа температурасы −15 °C шамасында, кейде Сібір аяздарының қалаға жетуіне байланысты -50 °C аязға дейін баруы мүмкін. Қар жамылғысы қалың болып, қыстың ұзақтығы 4-5 айға созылады.Астана Ұланбатырдан кейінгі әлемдегі ең суық астана болып саналады.Жауын-шашынның жалпы мөлшері жылына шамамен — 300-350 мм. Жауын-шашынның көп бөлігі көктем мен жазда түседі. Қыста жауын-шашын аз болып, қар мөлшері орташа деңгейде болады.
Астанада желдің жылдамдығы жиі өзгереді, бірақ орташа жылдамдығы 4-6 м/с шамасында болады. Қыста қатты желдер мен борандар болуы мүмкін, бұл суықты қатты сезіндіреді.
Қаланың адамдар үшін онша қолайлы емес құрғақшылық пен қатты желге бейім даланың ортасында орналасқанына байланысты, қала айналасын жасыл белдеумен — ағаштар мен басқа да жасыл кеңістіктермен жабдықтау бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда.
Экономикалық аймақ және тиімді инфрақұрылым
Астана қаласы — ел экономикасының маңызды орталығы, ол сауда, көлік және байланыс, құрылыс салаларында үлкен рөл атқарады. Қазіргі таңда қала экономикасын осы салалардың даму динамикасы айқындайды. Әсіресе өнеркәсіптік өндіріс саласында құрылыс материалдары, тамақ өнімдері мен сусындары, сондай-ақ машина жасау өндірісі басым. Астана Қазақстанда металдан жасалған құрылыс материалдарын, дайын бетон және бетоннан жасалған құрылыс өнімдерін өндіру бойынша көшбасшы саналады. Қалада құрылыс металл конструкцияларын, радиаторларды және орталық жылыту қазандықтарын шығару саласы да жоғары деңгейде дамыған.
Қалада инфрақұрылымның дамуы мен тиімділігін арттыру мақсатында көптеген маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Инвесторларды тарту және жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді құру үшін «Астана — жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді. Бұл аймақ жаңа өндірістердің дамуына, заманауи технологиялардың енгізілуіне және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етуде.
Астана қаласының стратегиялық орналасуы қала экономикасының дамуына үлкен мүмкіндік береді. Ол Петропавл — Қарағанды — Балқаш және Барнаул — Павлодар — Астана — Қарталы — Магнитогорск сияқты маңызды теміржол желілерінің қиылысында орналасқан, бұл қалаға сауда және транзиттік жүк тасымалы үшін маңызды хаб болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Астана қаласында теміржол вокзалы бар, ол жолаушылар мен жүк тасымалын тиімді жүзеге асыруға жағдай жасайды.
2017 жылы қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде, мыңжылдық аллеясына жақын жерде «Нұрлы Жол» жаңа теміржол вокзалы салынды. Бұл вокзал қала мен еліміздің басқа аймақтары арасындағы байланыстарды жақсартуға, жолаушылардың қозғалысын оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Астана қаласының әуе көлігі инфрақұрылымы да жоғары деңгейде дамыған. Қалада халықаралық әуежай орналасқан, ол барлық әуе кемелерінің түрлерін қабылдай алады. Әуежай қаладан небәрі 16 шақырым қашықтықта орналасқан және 2017 жылы жүргізілген реконструкциядан кейін оның өткізу қабілеті жылына 8,2 миллион жолаушыға дейін ұлғайтылды.
Бүгінде 30-35 шақырым қашықтықта жаңа халықаралық әуежайды салу жоспарлары да қарастырылуда. Бұл жобаның екі нұсқасы бар: біріншісі — Көкшетау трассасындағы Шортанды аудандық орталығы, екіншісі — Қарағанды трассасындағы Осакаровка ауылы. Бұл жаңа әуежай халықаралық бағыттарды қабылдайтын болады, ал қазіргі жұмыс істеп тұрған әуежай ішкі рейстердің қызмет көрсетуін жалғастырады.
2008 жылдан бастап қалада Есіл өзені бойымен кеме жүру ұйымдастырылды. Бұл кеме қатынасы қаланың туризмін дамытуға ықпал етті. Су көлігінің дамуы — қаланың көлік инфрақұрылымын одан әрі тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін маңызды қадам.
Мәдениет пен сәулеттің жаңа дәуірі
Астана соңғы онжылдықта қарқынды дамып, тек ірі саяси орталық емес, мәдени әрі сәулет өнері жағынан да ерекше қалаға айналды. Елорданың мәдени жаңғыруы, жаңа архитектуралық жобалары мен ғимараттарының салынуы, еліміздің болашаққа деген сенімінің айқын көрінісі болып отыр.
Елорданың дамуында мәдени жобаларға үлкен мән беріліп, көптеген жаңа мәдени мекемелер ашылды. Қаланың жүрегі —«Қазақстан» орталығы, оның ішінде театрлар, концерт залдары мен көрмелер өткізуге арналған орындар халықтың мәдени мұрасын дәріптеу мен әлемдік өнермен танысуға мүмкіндік береді. Қаланың жаңа мәдени бет-бейнесі келешекте әлемдік деңгейдегі мәдениет пен өнер алаңы болып қалуға тиіс.
Жаңа мәдени мекемелердің бірі—«Астана Опера» театры. 2013 жылыашылғанбұл театр ғимаратыөзініңсәулетіменәлемдегіеңозықөнерордаларыныңқатарынақосылды. Театр құрылысыныңбастыерекшелігі—оныңзаманауиқұрылыстехнологияларынпайдаланаотырып, классикалықсәулетэлементтеріменүйлесуі.Сондай-ақ қалада Қазақ ұлттық өнер университеті, Ұлттық кітапхана, Мемлекеттік музей сияқты білім мен мәдениеттің тірек орындары құрылып, елорда тұрғындарының мәдениетке деген сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Астананың сәулет өнері мен құрылыс саласындағы жетістіктері де ерекше назар аудартады. Қаланың көрікті ғимараттары әлемдік сәулет өнерінің үздік үлгілерімен үйлесіп, бірегей архитектуралық пейзаж жасайды. Әрбір жаңа ғимарат өзінің тарихын, мәдениетін және ұлттық болмысын сақтай отырып, Астана қаласының келешекке деген бағытталғанын көрсетеді.
«Бейбітшілік және келісім» сарайы— әлемдік деңгейдегі сәулет туындысы. Бұл ғимараттың ерекше формасы, яғни пирамида пішіні, қалаға ерекше сән мен мән беріп тұр. Онда халықаралық конференциялар, кездесулер және мәдени іс-шаралар өткізіледі.
«Бәйтерек» кешені — Қазақстанның тәуелсіздігі мен болашағына деген үміттің символы. Оның биік мұнарасы мен шыңы еліміздің даму жолын, жоғары мақсаттарды және қиындықтарды жеңуді білдіреді. Бәйтерек кешені ұлттық мәдениеттің және тарихтың тереңдігін көрсетеді. Бұл құрылыс қазақ халқының көне мифологиясынан, мәдениетіне және ұлттық дәстүрлеріне негізделген. Бәйтерекке қарап, келушілер Қазақстанның ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи мұрасын сезінеді. Кешеннің сәулеті әлемдік деңгейде танылған. Оның дизайны өзіне ерекше назар аударады. Бәйтерек монументінің сәулетшісі — Саяхат Мәжитұлы, ал құрылысшы италиялық Норман Фостер сынды белгілі мамандар болды. Монумент өз ерекшелігімен Астана қаласының көркін ашып, оны әлемге танытады.
«Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығыөзінің ауқымы мен заманауи сәулетімен ерекшеленеді. Ғимараттың купол пішінінде салынған төбесі, оған түсетін жарық қаланың ерекше атмосферасын қалыптастырады. Мұндай ғимараттар Астананың халықаралық деңгейдегі мегаполис екенін айқындайды.
«Астана ЭКСПО-2017» көрмесі үшін салынған ғимараттар мен павильондар да елорда сәулетінің маңызды бөлігіне айналды. ЭКСПО көрмесі үшін салынған ғимараттар қала мәдениеті мен туризмін дамытуға елеулі үлес қосты. Көрме кешеніндегі ең айқын ғимарат —«Нұр Әлем» сферасы. Оның ерекше дизайны мен ауқымы елорданың келешекте халықаралық деңгейдегі мәдени және бизнес орталығы ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.
«Астана Арена» стадионы да қаладағы ең ірі спорттық құрылымдардың бірі саналады. Ол қаланың әлемдік спорт аренасына шыққандығын білдіреді және халықаралық чемпионаттарға қатысу үшін мінсіз алаң болып табылады.
Астана қаласы тек ғимараттардың саны мен сапасына емес, сонымен қатар қаланың рухани жаңғыруына бағытталған мәдени жобаларды да жүзеге асыруда.
Соңғы жылдары қалада мәдени көпірлер мен орталықтар құрылып, олар қаланың мәдениетіне жан бітіріп, әртүрлі этникалық топтардың өнері мен мәдениетін өзара ұштастырады. Елорданың әрбір бөлігінде ұйымдастырылған көрмелер мен фестивальдер қала тұрғындарына әрі қонақтарына ерекше рухани тәжірибе сыйлайды.
Астана қаласы соңғы жылдары сәулет пен құрылыс тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар мәдениет саласында да үлкен жетістіктерге жетті. Қаладағы жаңа ғимараттар мен мәдени мекемелер Қазақстанның әлемдегі мәдени әлеуетін танытып, елорданың болашағына зор ықпал етуде. Астана өзінің мәдени және сәулеттік мұрасы арқылы ұлттықб олмысты сақтап, заманауи дамудың жарқын үлгісіне айналуда.
Қазіргі таңда Астана— еліміздің ғана емес, бүкіл Орталық Азияның маңызды саяси, экономикалық және мәдени орталығы. Қалада халықаралық ұйымдардың, шетелдік дипломатиялық миссиялардың, ірі халықаралық іс-шаралар мен көрмелердің жиі өткізілуі оның әлемдік деңгейде танылуына ықпал етті.
Астана қаласының бүгінгі келбеті — Қазақстанның дамуы мен өркендеуінің жарқын көрінісі. Қаланың қазіргі келбеті мен оның болашаққа деген бағыттары елдің жаңа дәуірге қадам басқанын айғақтайды.
Арайлым ҚЫДЫРБАЙҚЫЗЫ.