Ақтөбе облысы – мемлекеттік қызметшілер арасындағы Республикалық Спартакиаданың чемпионы

11-16 маусым аралығында алғаш рет Өскемен қаласында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы Спартакиада өтті. Күні кеше дүбірлі доданың жеңімпазы анықталды.
16 облыс және 3 мегаполистен 1000-ға жуық қатысушы 9 спорт түрінен (шағын футбол, волейбол, 3х3 баскетбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, жүзу, қазақ күресі) жүлделерді сарапқа салды.
Жалпы есеп:
🥇Ақтөбе обл – 202 ұпай
🥈Атырау – 199
🥉БҚО – 197
4️⃣ШҚО – 180
5️⃣Түркістан обл. – 172
6️⃣Павлодар обл. – 170,5
7️⃣Абай обл. – 153
8️⃣Ақмола обл. – 126,5
9️⃣Жетісу обл. – 120,5
🔟Шымкент қ. – 117
1️⃣1️⃣Қарағанды обл. – 115
1️⃣2️⃣Алматы обл. – 111
1️⃣3️⃣Жамбыл обл. – 92
1️⃣4️⃣Қызылорда обл. – 89
1️⃣5️⃣Қостанай обл. – 82,5
1️⃣6️⃣Астана қ. – 78
1️⃣7️⃣Ұлытау обл. – 67,5
1️⃣8️⃣Маңғыстау обл. – 66,5
1️⃣9️⃣Алматы қ. – 15
Айта кетейік, 2024 жылы Ақтөбеде өткен Спартакиадада Ақтөбе облысы топ жарып, Батыс Қазақстан облысы мен Түркістан облысы үздік үштікті түйіндеген еді.
Д.АЙДАР.