Көңілге жылу сыйлайтын өнер

Колледж
Флористика — гүлдер мен өсімдіктерден композициялар құрау өнері. Бұл өнер түрі тек әдемілікке ғана емес, ұқыптылық пен шыдамдылыққа үйретеді.
Мен, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде (бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі мамандығы) оқимын. Жақында «WorldSkills Aktobe — 2025» чемпионатында флористика құзыреттілігі бойынша бақ сынадым. Компатриотым — география пәнінің оқытушысы С.Құдайберген.
Чемпионаттың мақсаты — жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту. Сайысқа қатысушылар төрт модуль бойынша шеберліктерін сынады. Бұл төрт тапсырма: көктемгі оянуды бейнелеу, ерекше гүл шоқтарын жасау, қонақүй лоббиіне арналған композиция және қалыңдықтың басына гүлден тәж безендіру. Конкурс барысында әр бөлшекке, ұсақ-түйекке дейін ерекше мән беріп, түстердің үйлесімділігіне, жинау техникасына, гүлдердің құрылысына көңіл бөлдім.
Байқауға облыс колледждерінен 9 оқушы қатысты. Біз бір-біріміздің жұмыстарымызбен танысып, тәжірибе алмастық. Конкурс тек бәсеке ғана емес, достық пен шығармашылық алаңы болды.
Бас сарапшының орынбасары Е.Бошкова конкурс алдында қатысушыларға сәттілік тілеп, ерік-жігер берді. Ол конкурс соңында флорист ретінде әр қатысушының өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып, жылы лебізін білдірді.
Гүлмен жұмыс жасау тек әсемдікке ғана емес, сабырлылық пен талғамға да үйретеді. Алдағы уақытта да осы бағытта жұмыс жасауды жоспарлап отырмын.
Назия НАРЕН,
Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі,
3-курс оқушысы.



