Спорт

Кезектен тыс кезекті жеңіс

Премьер-Лига

 «Қайсар»-«Ақтөбе» — 1:2

 14 мамыр күні Ақтөбе Қызылордаға барды. Осындағы Ғ.Мұратбаев атындағы стадионда «Қайсар» командасымен кездесті.

Бұл мерзімінен бұрын өткізілген, негізі, маусымның ортасына таман өтуге тиіс 16-тур ойыны еді. Алда болатын Еурокубок ойындарына байланысты екі команданың келісімімен Қазақстан футбол федерациясы осындай шешім қабылдаған болатын.

Алғашқы минуттан бастап-ақ қызу тартыспен басталған кездесудің бірінші таймында бір ғана гол соғылды. 28-минутта Богдан Вэтэжелудің көмегімен Жан Жайро гол авторы атанды. Ал екінші таймда, 60-минутта Дидар Жалмұқан есепті теңестіргенімен, 76-минутта Лев Скворцов қайтадан «Ақтөбенің» үстемдігін орнатты. Ол Әлібек Қасым айып добын орындаған шақта кері қайтарылған допты Нарымжан Салайдин қорғаған қақпаға енгізіп жіберді.

Осылайша қоржынына үш ұпай қосқан «Ақтөбе» турнир кестесіндегі екінші орнын одан әрі мығымдап алды.

«Қайсар»-«Ақтөбе» — 1:2

Гол авторлары: Жан Жайро, 28-минут (0:1), Дидар Жалмұқан, 60-минут (1:1), Лев Скворцов, 76-минут (1:2).

«Ақтөбе» төмендегі құрамда ойнады: Игорь Трофимец (қақпашы), Бағдат Қайыров, Әлібек Қасым (капитан), Неманья Анджелкович, Лев Скворцов, ​Саят Жұмағали (Дархан Бердібек, 61-минут), Жан Жайро (Аян Байдәулетов, 84-минут), ​​Богдан Вэтэжелу (Айбар Абдулла, 84-минут), Данияр Үсенов (Фредди Гондола, 78-минут), Амаду Думбия, Джордже Ивкович (Оралхан Өміртаев, 46-минут).

Бас бапкер — Вячеслав Левчук.

14 мамыр 2025 жыл. Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев атындағы стадион.

Осымен қатарынан төртінші жеңіске ие болған «Ақтөбе» қазір турнир кестесінде 22 ұпаймен екінші орында тұр. Бірінші орындағы «Қайраттың» ұпайы 23 болса, үшінші орындағы «Астана» 18 ұпай жинады.

Е.АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button