Әлеуметтік қолдау — халыққа жақын қызмет

Көшпелі отырыс
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі мамандары Хромтау ауданында көшпелі отырыс өткізді.
Іс-шара аудандық орталық емхана базасында ұйымдастырылып, мүгедектікті белгілеу, еңбекке жарамсыздық дәрежесін анықтау және әлеуметтік қорғау шараларын айқындау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Кездесу барысында тұрғындарға медициналық-әлеуметтік мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Хромтау аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен семинар өтті. Семинарда медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы өзекті мәселелер, оның ішінде аудан бойынша бастапқы мүгедектік жағдайы мен оңалту жұмыстарының жай-күйі талқыланды. Олар қатысушылардың назарын Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігіне аударды. Әсіресе пациенттерді медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау кезінде құқықбұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту керектігі ерекше атап өтілді.
Сәуле ҚАРАБЕКОВА,
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу
және бақылау комитетінің
Ақтөбе облысы бойынша департаменті
№2 медициналық-әлеуметтік
сараптама бөлімінің басшысы.