Ақтөбе облысы бойынша мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету – мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі.
Облыста осы санаттағы азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне облыста 30768 мүгедектігі бар адамдар тұрады, оның ішінде 5470 – і мүгедектігі бар балалар.
(оның ішінде: 1 топ – 5726, 2 топ – 11711, 3 топ – 13331 ).
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді, оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етуді және базалық әлеуметтік жәрдемақыларды қамтиды.
- Техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету
Мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік қызметтер порталы 2021 жылдан бастап қажетті техникалық құралдар мен қызметтерді еркін таңдау құқығын бере отырып, техникалық құралдардың 55 түрін іске асыру үшін енгізілді.
Бұл бағытта 2025 жылға21495 мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз ету үшін 6,7 млрд. теңге бөлінді.
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар 6 354 (30,0 %) адам техникалық оңалту құралдарымен және қызметтермен қамтамасыз етілді.
Анықтама үшін:
-протездік-ортопедиялық құралдар (иық, саусақ, аяқ киім және т. б.) бойынша 3125 адам жоспарланған, 855 адам қамтамасыз етілген (орындалуы 27,4 %);
– сурдотехникалық құралдар бойынша (есту аппараты, ноутбук, көпфункционалды жүйелер, сағат, дауыс аппараттары және т.б.) 689 адам жоспарланған, 129 адам қамтылған. (орындалуы 19,0 %);
– тифлотехникалық құралдар бойынша (тифлотехникалық таяқтар, оқыту машинасы, Брайль жазу жүйесі, қорғасын, дыбыстық хабарламасы мен диктофоны бар ұялы телефон, сағат және т.б.) 507 адам жоспарланып, 345 адам қамтылды. (орындалуы 68,1%);
-кресло-арбалар (серуендеу және бөлме) бойынша 207 адам жоспарланған, 203 адам қамтылған. (орындалуы98,0 %);
-санаторлы-курорттық емдеу бойынша 3489 адам жоспарланған, 461 адам қамтылған. (орындалуы 13,2%);
– жеке көмекшінің қызметі бойынша 3983 адам жоспарланған, 1404 адам қамтылған.
(орындалуы35,2 %);
– ымдау тілі маманының қызметі бойынша 785 адам жоспарланған, 349 адам қамтылған. (орындалуы44,5 %);
– міндетті гигиеналық құралдар (парақтар, памперстер, жаялықтар және т.б.) бойынша 7947 адам жоспарланған, 2 608 адам қамтылған. (орындалуы – 33,0%).
2025 жылға қаралғаны:РБ -787,4 млн.теңге, ТОХ – 1 866,8 млрд.теңге, жергілікті бюджет – 4 040,4 млрд.теңге. Бүгінгі күнге игерілгені -1017,3 млн. теңге.
Анықтама үшін: 2024 жылы әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 24 654 (95,9%) адам техникалық оңалту құралдарымен және қызметтермен қамтамасыз етілді.
Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану үшін қалалық және ауылдық округтер әкімдіктерінің жанынан 213 қызмет көрсету аймақтары ашылды.
- Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемі 4 орталықта стационар және жартылай стационар жағдайында мүгедектігі бар 815 мүгедектігі бар және қарт азаматтарға көрсетілген, оның ішінде:
– № 1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында (қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйі, стационар жағдайында) 236 адам тұрады (жоспар – 250 төсек-орын)
Анықтама үшін: 2025жылдың бюджеті 833,0 млн. теңгені құрайды, 01.04.2025 жылға игерілгені- 91,0 млн. теңге.
– № 2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында (18 жастан жоғары жүйке аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға арналған интернат-үйі, стационар жағдайында)430 адам тұрады. (жоспар – 430 койко-орын)
Анықтама үшін: 2025жылдың бюджеті 1272,2 млн. тг. құрайды, 01.04.2025 жылға игерлігені – 278,9 млн. тг.
– № 3 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында (3-18 жас аралығындағы жүйке аурулары бар мүгедектігі бар балаларға арналған интернат – үйі, стационар жағдайында)51 мүгедек-бала тұрады. (жоспар – 70 койко-орын)
Анықтама үшін: 2025жылдың бюджеті 568,7 млн. тг. құрайды, 01.04.2025 жылға игерлігені -180,0 млн. тг.
– № 4 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында («Қамқорлық» менталды бұзушылықтары бар балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, жартылай стационар жағдайында), 100 мүгедек-бала қызмет алуда(жоспар -100бала)
Анықтама үшін: 2025жылдың бюджеті 322,7 млн. тг. құрайды, 01.04.2025 жылға игерлігені -72,8 млн. тг.
2025 жылдың қаңтарынан бастап «Socium» бағдарламасын іске асыру басталды. Осы бағдарламаға сәйкес арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін барлық мекемелер лицензия алуы керек.
Облыста 26 мекеме лицензия алуға өтінім берді, оның ішінде 22 бірлік лицензия алды. Қалған мекемелер лицензия алу үшін жұмыс істейді.
Анықтама үшін: Бүгінгі күнге 26 мекеме лицензия алуға өтініш білдірді: 6 – коммуналдық мемлекеттік мекемелер, 12 – үй күтімі жағдайындағы бөлімшелержәне 8 – үкіметтік емес ұйымдар.
Үйде қызмет көрсететін әлеуметтік көмек бөлімшелері коммуналдық мемлекеттік мекемелер болып қайта құрылды. Бүгінгі таңда 12 коммуналдық мемлекеттік мекеме үйде күтім жасау жағдайында 383 балаға және 1713 жалғызбасты қарттар мен мүгедек адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.
Егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін облыста 24 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ( Ақтөбе қаласында -10 орталық және әр ауданда 1 орталық) жұмыс істейді, онда ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 513 адам қызметтерді пайдаланды.
Облыста мүгедектігі бар адамдарға «Инватакси» қызметтері көрсетіледі. 117 бірлік автокөлік бар (оның ішінде 8 бірлік – мамандандырылған), ағымдағы жылдың 1 сәуіріне «Инватакси» қызметтері 150,0 млн.теңге сомасына мүгедектігі бар 827 адамға көрсетілді.
2025 жылғы жоспар 690,3 млн. теңгені құрайды.
Анықтама үшін: 2024 жылыкөлік қызметтері 1591 мүгедектігі бар азаматтарға 650,5 млн. тг көрсетілді.
3.Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта
Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қол жеткізуі үшін 2023-2027 жылдары 1318 нысанды бейімдеу жоспарлануда, оның ішінде 2024 жылы – 522 нысан немесе жоспардың 40%, бүгінгі күнге жоспарланған 1315 нысанның 907 -і немесе 69 % пайызы бейімделген. 2025 жылға 209 нысанды немесе жоспардың 60 % жоспарлануда.
Бақылау және мониторинг үшін «Қолжетімді орта» порталы жұмыс істейді.
4.Мүгедектігі бар адамдардың сапалы жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және экономикалық дербестік деңгейін арттыру жөніндегі шараларды жетілдіру
2025 жылғы 1 сәуірге қалалық және аудандық мансап орталықтары мүгедектігі бар 373 адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің түрлі белсенді шараларымен қамтылды, оның ішінде:
– тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналасқаны64 адам;
– субсидияланған жұмыс орындарына (ақылы қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындар, Жастар тәжірибесі, «Күміс жас») – 227 адам;
– «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздемелеріне оқуға 82 адам бағытталды.
2025 жылға мүгедектігі бар 13 адам үшін жұмыс берушілердің жұмыс орындарын құруға арналған шығындарын субсидиялауға 14,6 млн. теңге сомасында субсидиялар бөлінді. Есепті кезеңде 1 арнайы жұмыс орны құрылды.
2025 жылға 66 ұйым мен кәсіпорында 105 мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындар квотасы белгіленді, есепті кезеңге 19 мүгедектігі бар азамат квота бойынша тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Анықтама үшін:
2024 жылы қалалық және аудандық мансап орталықтары мүгедектігі бар 1696 адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің түрлі белсенді шараларымен қамтылды, оның ішінде:
– тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналасқаны 680 адам;
– субсидияланған жұмыс орындарына (ақылы қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындар, Жастар тәжірибесі, «Күміс жас») – 412 адам;
– «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздемелеріне оқуға 488 адам бағытталды;
– 92 адам өз ісін ашу үшін қайтарымсыз гранттар алды;
– қысқа мерзімді курстарға оқуға 24 адам бағытталды.
2024 жылы мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 8 арнайы жұмыс орындар құрылды, бұл бағыт бойынша жұмысберушілерге 6,8 млн.теңге көлемінде шығындар субсидияланды.
Сонымен қатар 78 мүгедектігі бар азамат квота бойынша тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда оңалту мекемелері желісінің жеткіліксіз дамуы проблемалық мәселе болып қала береді.
Ақтөбе қаласында 150 орындық оңалту орталығының құрылысы аяқталуда, бірақ бұл мекемелер облысымыздың барлық аудандарында қажет.
Ең бастысы-мұндай азаматтардың нақты мүмкіндіктерін кеңейту, оларға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік беру болып табылады.
Мүгедектігі бар адамдарға арналған негізгі әлеуметтік жәрдемақылар
Мүгедектігі бар адамдардың мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар түрінде мемлекеттік қолдау алуға толық және даусыз құқығы бар:Базовые социальные пособия для лиц с инвалидностью
Жәрдемақы есептеу кезінде мүгедектік тобы және ең төменгі күнкөріс деңгейі ескеріледі. 2025 жылы күнкөріс деңгейі (әрі қарай КД) көрсеткіші 46 228 теңгені құрайды.
Мүгедек балалар үшін, сондай-ақ ауру салдарынан мертіккен немесе мүгедек болған балалар үшін келесі ай сайынғы төлемдер төленеді:
– 7 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға және III топтағы 7 – 18 жас аралығындағы және одан үлкендерге— 1,61 КД (74 428 теңге);
– II топтағы 7 – 18 жас аралығындағы және одан үлкендерге – 1,83 КД (84 598 теңге);
– I топтағы 7 – 18 жас аралығындағы және одан үлкендерге — 2,20 КД (101 702 теңге);
– Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, қорғаншысына(қамқоршысына) 2010 жылғы 1 қаңтарынан бастап18 жасқа дейін – 1.61 КД (74428 теңге);
– 21.10.2020 ж. бастап 1-топтағы мүгедектерге күтім жасау бойынша – 1.61 КД (74428 теңге);
– III топ мүгедектеріне — 1,20 КД (55474 теңге);
– II топ мүгедектеріне — 1,76 КД (81 362 теңге);
– I топ мүгедектеріне — 2,20 КД (101 702 теңге).
Еңбек жарақаты, кәсіптік ауруы салдарынан мүгедек болған азаматтарға:
– I топ мүгедектеріне (101 702 теңге);
– II топ мүгедектеріне (84 597 теңге);
– III топ мүгедектеріне (74 427 теңге).
Көтерілген төлемдер мерзімді әскери қызметте мүгедек болған не экологиялық/радиациялық апаттар салдарынан мүгедектік алған адамдарға арналған:
– I топ мүгедектеріне — 3,22 КД (148 854 теңге);
– II топ мүгедектеріне — 2,75 КД (127 127 теңге);
– III топ мүгедектеріне — 2,31 КД (106 786 теңге).
Ең жоғары төлемдер әскери (бірақ шұғыл емес), мемлекеттік, құқық қорғау қызметтерінде мүгедектік алған адамдарға төленеді:
–I топ мүгедектеріне — 3,94 КД (182 139 теңге);
– II топ мүгедектеріне — 3,04 КД (140 534 теңге);
– III топ мүгедектеріне — 2,31 КД (106 787 теңге).
Ай сайынғы жәрдемақы мүгедектігі бар адамның жұмыс істейтініне немесе жұмыс істемейтініне қарамастан төленеді.