Жұмысшы мамандықтары жылыРесми

«Еңбек озаты» атты республикалық патриоттық байқауының өткізу ережесі

Қазақстан Республикасы «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және «Жаңа Қазақстан» инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ЕҢБЕК ОЗАТЫ» атты республикалық патриоттық байқауына барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз!

Іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған жолдауында: Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды.

Біз түрлісаладағы мамандарға, қатардағы жұмысшыларға құрмет көрсетуіміз қажет. Бәсекеге қабілетті экономикасы бар озық ел боламыз десек, ең алдымен, адал еңбекті бағалаған абзал. -деп атап өтті.

Осы ретте Тәуелсіздік жылдары адал еңбек етіп, өз мамандығының хас шебері атанып, елеуді еңбек етіп, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.

Республикалы қбайқауға қатысушылар:

  • Білім және ғылым саласының мамандары;
  • ҚР Маслихат депутаттары;
  • Медицина саласының мамандары;
  • Спорт және мәдениет, өнер саласының мамандары;
  • Әдебиет-көркемөнер саласының мамандары;
  • Кәсіпкерлер; Есепшілер;
  • Қоғам қайраткерлері;
  • Ауыл-шаруашылық мамандары;
  • Энергетика саласының мамандары;
  • Ақпарат саласының мамандары;
  • Заң саласының қызметкерлері;
  • Әскери қызметкерлер;
  • Экономистер;
  • Мұнай және газ кен орындарын игеру саласының мамандары;
  • Әлеуметтік қызметкерлер; Дарынды жастар;
  • Эколог,геолог,табиғи ресурстар, энергетика саласының мамандары;
  • Мемлекеттік қызметкерлер;

 

Байқаудыңшарттары:

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттенартық емес өмірбаянын (14 кегл, Times New Roman) жолдауы қажет, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса тіркелуі тиіс. Құжаттарды elorda_2023@mail.ruэлектронды почтасына немесе +7 747 687 71 62 Whatsapp номеріне жолдауы тиіс. 2025 жылдыңмамыр айының 10 дейін қабылданады.

Байқау жеңімпаздары арнайы тағайындалған:

  • Арнайы тағайындалған «ЕҢБЕК ОЗАТЫ» төсбелгісі;
  • «ЕҢБЕК ОЗАТЫ» статуэткасы;
  • Куәлік;
  • Құрмет грамотасы;
  • Сонымен қатар қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына Алғыс хат табысталады.

Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде 4 маусымда өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында ҚР белгілі тұлғалары мен ғалымдардың қолынан төсбелгі және арнайы марапаттар табысталады.

Ұйымдастыру алқасының сайты:https://bilim-ork.kz/

Инстаграм паракшасы:@bilim_orkeniety

Ұйымдастыру алқасы:

+77476877162, +77477025262,+77787427440

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЖҰМЫСПЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ

 

Қатысушыныңтегі,аты-жөні
Облыс,қала,аудан,село(ауыл)атауы
Қызметорныныңатауы,лауазымы
Мамандығы,салаатауы
Байқауатауы «ЕҢБЕК ОЗАТЫ»
Телефон,ұялы,е-mail.ru
Сапалытүрлі-түсті¾ фото
Мекен-жайы,жергіліктіказпочтаның индекс номері

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button