«Таза Қазақстан»Жеңіс

100 түп ағаш екті

Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай «Тамыры терең — тіршілігі кемел» тақырыбында ағаш егу акциясы ұйымдастырылды.

Оған Астана және Алматы аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының және №30238 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, «Volunteer school – 2025» облыстық жобасының еріктілері қатысты.
Жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған акцияда қатысушылар 100 түп ағаш отырғызды.
— Бұл — жастардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін нығайтудың жарқын үлгісі. Мұндай игі бастамалар өңір экологиясын жақсартуға, жасыл аймақтарды көбейтуге және өскелең ұрпақты табиғатты сүюге тәрбиелейді. Экологиялық акцияға 100-ден астам волонтер мен сарбаз қатысты. Олар жастармен бірге ағаш отырғызып, сынған ағаштарды жинады. Осындай акцияларға қатысып, қала маңын күл-қоқыстан арылту тұрғындарды тазалыққа үндейді, — дейді Астана және Алматы аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының бастығы Ардақ Құмаров.
Ағаш егу акциясына қатысқан сарбаздардың бірі — Бекболат Сүлейменов. Ол экологиялық акцияларға жиі қатысатынын айтады.
— №30238 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышымды өтеп жатырмын. Бүгінде «Ардагерлерді ардақтайық» секілді акцияларға белсене қатысып жүрмін. Бұл, бір жағынан, жастарды еңбекке баулуға, екінші жағынан, оларға әлеуметтік көмек беру мақсатында қолға алынған бастама деп білемін. Осындай экологиялық акция арқылы қоршаған ортаға, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға дағдыланамыз, — дейді сарбаз.
Бұл жерде «Volunteer School — 2025» жобасының қатысушысы, белсенді жас Жансейіт Қуандықовты жолықтырдық. Былтыр ол табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарды эвакуациялау жұмысына атсалысқан. Бүгінде ол аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстарына өз үлесін қосып жүр.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button